Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының кейбір аумақтарында газ уақытша өшіріледі.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы тарату желілерінде жөндеу-профилактикалық жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 17 тамыз күні сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін Қызылорда қаласының Ақжайық, Сейхун, Демисинов көшелері және Текей батыр көшесі, «Шанырақ» тұрғын үй кешені, Арай-2, Арай-3, Нұр-Орда шағын ауданының (сызбаға сәйкес) көп қабатты тұрғын үйлері, сонымен қатар өндірістік және коммерциялық-тұрмыстық объектілерінің тұтынушыларына табиғи газ беру тоқтатылатынын хабарлайды. Газды өшіру кезеңінде газ қондырғылары алдындағы крандарды жабуды және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «РЦКУ-Кызылорда» ЖШС, «Интергаз Центральная Азия» АҚ қызметкерлерінің тұтынушыларға газ беру үшін жұмыстар жүргізуге 2023 жылғы 17 тамыз сағат 13.00-ден бастап қол жеткізуін қамтамасыз етуді сұраймыз», - делінген хабарламада.