Kyzylorda-news.kz Ұлттық статистика бюросының облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сүйенсек, Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айына өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 636 347 миллион теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 92,1 процентті құраған.

Оның ішінде мұнай ұңғымаларының сулануы салдарынан шикі мұнай өндіру көлемі жыл басынан бері 448,6 мың тоннаға немесе 11,9 процентке төмендеген. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 12 айында – 3769,6 мың теңгені құраса, өткен жылдың 12 айында – 3321 мың теңге болған екен.

Сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіп саласында 99 648 миллион теңгеге өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 106 процентті құраған. Оның ішінде резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруі 4,5 процентке өзге де металл емес минералды өнімдерді өндіруі 30,3 процентке, машина жасау 15,6 процентке, машиналар мен жабдықтарды жөндеу мен орнату есебінен  31,5 процентке ұлғайған. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі  15 861,7 миллион теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 103,3 процентті құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 232 902 миллион теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 108,7 процентті құрады. Ал оның облыстағы үлесі 47,9 процентті құрайды.

Бұдан бөлек құрылыс жұмыстарының көлемі 96 054 миллион теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 124,8 процентті құрады. Ал облыстағы үлесі 52,4 процентті құрайды. Құрылыс саласында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 450 735 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 110,6 процентті құраған.

Қала бюджетінің 2024 жылдың 1 қаңтарына кірістер болжамы (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 95 161,4 миллион теңгені құрап, 101 762,8 миллион теңгеге немесе 106,9 процентке орындалған. Оның ішінде өз кірістері болжанған 23 430,2 миллион теңгенің орнына 29 458,2 миллион теңгеге немесе 125,7 процентке орындалған.

Қала бюджетінің шығыстар жоспары 95 161,4 миллион теңге болса, ол 93 718,5 миллион теңгеге жетіп немесе 98,5 процентті құраған. Шағын кәсіпкерлік саласында қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 34 764 бірлікті құрайды. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 32 375 кәсіпкерлік нысан болса, бұл көрсеткіш өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 100 процентті құраған.

Бұдан бөлек «Өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың бірыңғай индустрияландыру» картасы аясында Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 68,4 миллиард теңгені құрайтын 13 жоба яғни, 834 жұмыс орны жүзеге асырылуда, оның бүгінгі күнге 5 жобасы іске қосылып, жұмыс жасауда. Атап айтқанда, «Orda Glass LTD» ЖШС-ның «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты» жобасы (2021 жылдың желтоқсан айында «Orda Glass LTD» ЖШС-ның Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты іске қосылды), «Вега Пром» ЖШС-нің «Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру бойынша цехты кеңейту» жобасы (Құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталып, жаңа цех іске қосылып, жұмыс жасауда), «Нұр Орда» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында асфальтбетон зауытының құрылысы» жобасы (Жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, 2022 жылдың маусым айында бетон зауыты іске қосылып, жұмыс жасауда), ЖК «Ақселеу» (ЖК «Ұзақов») «Күйдірілген қыш шығару шағын зауыты» жобасы бар. Қазіргі таңда жоба тұрақты жұмыс жасауда. Сондай-ақ «ТриМо» серіктестігінің «Қуаттылығы жылына 500 тонна екіокись молибден ұнтағын үшокись молибден ұнтағына техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасы, «Кызылорда Рефайнэри» ЖШС-нің «К4, К5 экологиялық кластағы мотор майларын өндіру» жобасы, «Poom Trade KZ» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында «КОМАЗ» шағын арматура зауытын салу» жобасы, «Сыр-Маржаны» ЖШС-нің «Ет және ет өнімдерін өндіру және сақтау» жобасы, «Orda TEXC» ЖШС-нің «Түйе жүнін өңдеу және төсеніш көрпе өндіру цехы» жобасы, «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» ЖШС-нің «Шыны талшықты және композитті материалдарды өндіру зауыты» жобасы, «Айғасар» ЖШС-нің «Ерекше балаларға арналған иппотерапия» жылқылы-сауықтыру клубын ашу және бие сүтін өңдеу цехын салу»жобасы іске қосылып, жұмыс жасауда. Сонымен қатар «Dana Quartz» ЖШС-нің «Айна шығару зауыты» жобасы мен «Кәусар» ШҚ-нің «Құс фабрикасының құрылысы» жобасы да бар.

Қала бойынша жыл басынан бері жалпы сомасы 24 467,0 миллион теңгені құрайтын  1420 жоба қаржылай қолдау алып, 4 160 жаңа   жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» аясында субсидиялау бағыты бойынша 13 690,0 миллион теңгені құрайтын 378 жоба қаржыландырылған. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» аясында гранттар беру бағыты (400 АЕК) бойынша 633,4 миллион теңгені құрайтын 459 жоба қолдау алды. «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы ЖШС арқылы өз қаражаты есебінен жалпы құны 798,5 миллион теңгені құрайтын 82 жоба қаржыландырылған. «Аграрлық несие корпорация» АҚ арқылы «Жастарға арналған несие» (2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру) бойынша жалпы құны 544,4 миллион теңгені құрайтын 115 жоба қолдау алған. Сондай-ақ «Аграрлық несие корпорация» АҚ несие корпорация микрокредиттері бойынша жалпы құны 1 244,3 миллион теңгені құрайтын 49 жоба қолдау алған. «Шағын және орта бизнес кредиттері бойынша ішінара кепілдендіру» арқылы 7 220,9 миллион теңгені құрайтын 292 жоба қаржыландырылған.

Сонымен қатар бөлшек сауда көлемі 394 080,8 миллион теңгені құрап, өткен    жылдың салыстырмалы кезеңімен 103,9 процентті құрады. Оның облыстағы үлесі 85,8 процентті құраған.

Өткен жылдың 1 желтоқсанға  алдын ала деректерге сәйкес қаладағы халық саны 355,8 мың адамды құрап, өсу қарқыны 1,8 процентке жеткен.  2022 жыл қорытындысымен экономикалық белсенді халық саны 147,9 мың адамды құраса, жұмыссыздық деңгейі – 4,7 процентті құраған.

Биылғы жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 3 325 адамға жеткен. Ал тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2,2 процентті құраған. Жыл басынан жаңа жұмыс орындарымен қамтылған азаматтар   саны 16 954 адам болса, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғаны 5 478 адам.            

Ал «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы» аясында жыл басынан бері 3194 адам қоғамдық жұмысқа, 189 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілсе, жастар тәжірибесіне 1 330 жас маман жолданған. Қала бойынша өткен жылғы IІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 325 122 теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен 122,0 процентке көбейген.

Тағы да оқыңыз: