Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы және оған қарасты кент, ауыл тұрғындарымен кездесуден соң шаһар басшысы Асылбек Шәменов бейсенбі күні қалалық мәслихат төрағасы, қалалық құқық қорғау салаларының бірінші басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады.

Алдын ала жарияланған хабарлама бойынша қабылдауға келген тұрғындардың қарасы қалың. Олар өздерін толғандырған мәселе туралы тиісті сала басшыларына ашық жеткізуге мүмкіндік алды. 

Қалада ел игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыс жетерлік. Десе де қабылдауға келген жұртшылық көбіне шешімін таппай жүрген жеке мәселесі төңірегінде жүгінеді. Әкім қабылдауына келгендердің арасында жұмыссыз азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы аналар бар. Олар өз кезегінде жұмыссыздық жайын, жер алу, тұрғын үй кезегі сынды мәселе көтерді.

Қала әкімі Асылбек Шәменов тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, мәселені шешуде тиісті сала басшыларына тапсырма берді. Өз кезегінде құқық қорғау органдарының басшылары азаматтарға заң аясында түсіндірме жүргізді.

Тұрғындарды қабылдау барысында 100-ге жуық азаматтың өтініші қаралған. Ал қала әкімі Асылбек Шәменовке 82 тұрғын мәселесімен жүгінген.

Тағы да оқыңыз: