Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов қаладағы ең көп келушілер жиналатын демалыс орындарының бірі – Батырхан Шөкенов атындағы саябаққа барып, жасыл желектердің жай-күйін, суару жүйесінің жұмысын, аумақтың тазалығы мен абаттандыру сапасын тексерді.

Аралау барысында қала әкімі жауапты мекемелерге саябақтағы орындықтарды сырлау, жарық шамдары мен қоқыс жәшіктерін ретке келтіру, арамшөптерді тазарту және саябақты күтіп-ұстауға қатысты қажетті жұмыстарды жедел орындауды тапсырды.

Еске сала кетейік, 2018 жылғы 18 мамырда, Батырхан Шөкеновтің туған күніне орай саябаққа көрнекті музыканттың ескерткіші орнатылып, демалыс орнына оның есімі берілді. Содан бері саябақты абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Аумаққа жаңа ағаштар мен гүлдер отырғызылып, орнатылған акустикалық жүйелер арқылы келушілерге талантты жерлесіміз Батырхан Шөкеновтің әндері шырқалып, мәдени тынығуға қолайлы орта қалыптастырылған.

Тағы да оқыңыз: