БҚДА Қызылорда облысы бойынша департаменті JAC маркалы автокөліктердің Қызылорда қаласындағы ресми дилері – «DCG ORDA» ЖШС қызметіне қатысты тұрғындардан келіп түскен өтінішті қарады.

Автосалон мен сатып алушы арасында жасалған шарттарда техникалық қызмет көрсетуді тек «DCG ORDA» ЖШС-нің сервистерінде ғана жүргізу міндеттелгені анықталды. Бұл талап орындалмаған жағдайда – кепілдік тоқтатылатын болған. Мұндай шарт тұтынушылар құқығын шектеп, нарықтағы бәсекелестікке кедергі келтірген. 

Анықталған бұзушылықтарды жою және мұндай тәжірибені тоқтату туралы департамент «DCG ORDA» ЖШС-не тиісті хабарлама жолдады.

Компания хабарламада көрсетілген талаптарды белгіленген мерзімде толық орындады.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

Тағы да оқыңыз: