Kyzylorda-news.kz «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс орталығында саябақтар, аллеялар мен скверлерді қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынды. Қалада қолайлы климат пен тұрғындар үшін жайлы және қауіпсіз ортаны сақтау үшін жаңа демалыс аймақтарын, ойын-сауық саябақтарын салу жоспарлануда. Бұл туралы Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Сырлыбаев мәлімдеді.
Сондай-ақ, жазғы кезеңде қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасалған. Соңғы екі жылда қаламыз шынымен әдемі, заманауи көрініске ие болды. Жаяужүргіншілер жолы салынып, көшелер абаттандырылып, Сұлтан Бейбарыс, Н. Назарбаев даңғылдарында субұрқақтар орнатылды.
Сонымен қатар, биыл жеке кәсіпкердің демеушілігімен Қызылорда қаласының орталық алаңын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Тазалық акциялары Б.Шөкенов атындағы саябақ пен Президенттік саябақ сияқты қызылордалықтардың сүйікті демалыс орындарының жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.