Kyzylorda-news.kz. Биыл «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына - 30 жыл» толуына орай 17 мамыр күні Қызылорда қаласында «Халыққа қолайлы инфрақұрылым. Жайлы шаһар жасау бастамалары» тақырыбында семинар-кеңес өтуде.
Семинарға еліміздің сегіз өңірінен келген қалалық қалалық мәслихат төрағалары мен депутаттары қатысуда. Оның ішінде Зәкенов Сембіғали Төрешұлы - Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы, Қалиев Есентай Ғиниятұлы - Орал қалалық мәслихатының төрағасы, Нажметдинов Қанат Нұрымұлы -Орал қалалық мәслихатының депутаты, Даржанова Анар Нұрлыбекқызы - Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы, Бусурманов Руслан Амангелдіұлы – Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, Олжабай Кенжебек Мамашбайұлы -Тараз қалалық мәслихатының төрағасы, Мауленов Нариман Бүлдешұлы – Тараз қалалық мәслихатының депутаты, Ахажан Темірболат Жанболатұлы Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы, Даутов Ыбрай Қызырханұлы Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты,
Шәкәрімов Данияр Қайырханұлы, Семей қаласы мәслихатының төрағасы
Әкімов Дастан Алтайұлы Көкшетау қалалық мәслихатының төрағасы, Кожин Қобланбек Нұрмұханұлы Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы бар. Семинар кеңеске қатысушы қонақтар алдымен Қызылорда қаласының әкімі Серік Қожаниязовпен кездесіп, өзара пікір алмасты. Қабылдауда шаһар басшысы қалада атқарылған жұмыстар мен алдағы перспективалық даму жоспарларымен таныстырды. Өз кезегінде әр өңірдің халық қалаулылары облыс орталығының сәулеттік келбетіне, дамуына, тазалығына жоғары бағаларын берді. Бүгінгі шара мәслихаттардың өзара әріптестік байланысын нығайтып, тәжірибе алмасуларына мол мүмкіндік береді.
Қала әкімі өңірлік мәслихат төрағаларына арналған семинар-кеңестің жұмысына сәттілік тіледі.
