Kyzylorda-news.kz  Көктем басталысымен кенеден келер қауіпте артады. Жылдағы дәстүрмен биыл 10 сәуірден бастап бекітілген кестеге сәйкес Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын-алу мақсатында елдімекендерде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары бастау алды. Осы орайда, қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев жауапты мамандарға және кент, ауылдық округ әкімдеріне эпидмаусымдық дәрілеу-залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу барысында залалсыздандыру жұмыстарына өте мұқият болып, жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Айта кету керек, биыл қала бойынша конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруының қолайсыз аймақтары ретінде 12 ошақ есепке алынған. Олар Қызылорда қаласының «КБИ» аймағы, ПМК-29, Бәйтерек, Әл-Фараби мөлтек аудандары мен Тасбөгет кенті, Белкөл кенті («Көкжиде» аймағы, Бірқазан ауылы), Абай, Баймұрат батыр, Досан, Ж.Махамбетов, Иіркөл, Қарауылтөбе, Қызылжарма, 11 бекет (Талсуат) елді мекендері және Қараөзек станциясы бар.

Қолайсыз аймақтар ретінде есепке алынған ошақтарда 10-23 сәуір аралығында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Тағы да оқыңыз: