Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша статистикалық мәліметке сәйкес 351 246 адам тіркелген. Соның ішінде 32004-іы зейнеткер, 11060-ы мүгедектігі бар адамдар мен 5331-і атаулы әлеуметтік көмек алушылар. Бұл туралы Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі басшысы Кенжегүл Құрақбаева қалалық қоғамдық кеңесте айтты. Одан бөлек бөлім басшысы шаһар тұрғындарына көрсетіліп жатқан қызметтер туралы баяндама жасады.
Жалпы Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс, қала әкімдігінің қаулыларына, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтары мен нұсқауларына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Соның ішінде бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер негізінен халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдауға бағытталған.
«Бүгінде бөлімде 28 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілуде, оның 13-і әлеуметтік төлемдер, 8-і азаматтық хал актілерін тіркеу, 6-ы жұмыспен қамту және 1-і көші-қон бағытында. Жыл басынан бері барлығы 53 104 мемлекеттік қызмет,оның ішінде 46 174-і «Электронды үкімет порталы» арқылы, 5026-ы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 1904-і бөлім арқылы жүзеге асырылды. Яғни, көрсетілген қызметтердің 92,5 пайызы «Электронды үкімет порталы» арқылы көрсетілуде. Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын, қолжетімділігін арттыру және Электронды Үкімет Порталының (egov.kz) арқылы тиімділігін насихаттау мақсатында «Электронды қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істеуде. Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен қағидалары қағаз түрінде осы аталған бұрышта ілінген және халыққа қолайлы жағдай жасалынып, әсіресе мүгедектігі бар адамдарға ХҚКО-ның келісімі бойынша жауапты маманы қызмет көрсетуде», − дейді бөлім басшысы Кенжегүл Құрақбайқызы.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қаладағы 32004 зейнеткердің ішінде 1828 Ұлы Отан Соғысы және оларға теңестірілген ардагерлерге бір жолғы әлеуметтік көмекке қалалық және облыстық бюджеттен әлеуметтік көмек тағайындалып төленеді екен. Жалпы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2 397 074,0 мың теңге қаржы бөлініп, 5 331 отбасына, яғни 26775 адамға 1 169 356,2 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 4941 отбасы немесе 24847 адамға 951 115,2 мың теңге төленген.
Осы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі 5499 баласына қосымша төлемге 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 341 599,0 мың теңге бөлініп, 7517 балаға 113115,2 мың теңге игерілген. Сондай-ақ, орта білім беру ұйымдарында оқитын алтыдан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы табысы аз отбасылардың 6800 баласына жолда жүру ақысына 187 680,0 мың теңге бөлініп, 6970 балаға 63107,8 мың теңге төленген.
Ал тұрғын үй көмегін көрсетуге 2023 жылға жергілікті бюджет есебінен 65 146,0 мың теңге бөлініп, 01.05.2023 жылға 1412 отбасына 20 294,2 мың теңге тағайындалып, 1005 отбасына 15856,8 мың теңге төленді.
«Құрмет» атағы бар 5 азаматқа 393,0 мың теңге қаралып, 98,4 мың теңге игерілді. Үйі өртенген азаматтарға материалдық көмекке 20 отбасына 10 350,0 мың теңге қаралып, 6 отбасына 3105,0 мың теңгесі игерілді. Ал туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға қосымша тамақтануға берілген әлеуметтік көмекке 320 адамға 132 480,0 мың теңге қаралып, 399 адамға 41745,0 мың теңге төленді. Лейкоз ауруымен ауыратын балаларға әлеуметтік көмек ретінде 23 адамға 7 552,0 мың теңге қаралып, 23 адамға 2412,1 мың теңге төленді. АИТВ-инфекция диагнозы бар диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына берілетін әлеуметтік төлем 1 балаға 974,0 мың теңге деп қаралып, 324,9 мың теңгесі төленді», − дейді бөлім басшысы.
Қызылорда қаласы бойынша жалпы мүгедектігі бар адамдар саны 11 060 адам болса, соның ішінде 1 топ - 1 255, 2 топ – 3 301, 3 топ - 3300 және 3204-і мүгедектігі бар балалар екен. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға, қоғамдық-экономикалық өміріне толыққанды интеграциялу үшін 2025 жылға дейінгі бекітілген Ұлттық жоспар негізінде «Әлеуметтік қызметтер» порталы арқылы өтінім берген 8781 адамның жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жыл басынан бері гигиеналық және арнаулы жүріп-тұру құралдармен қала және қалаға қарасты ауылдық округтерде тұратын мүгедектігі бар адамдардың 6470-і қамтылып, орындалуы 73,7 пайызды құраған.
Нақты айтқанда, жүріп-тұруы қиын бірінші топ мүгедектерін 930 жеке көмекшілердің қызметімен қамтуға 1 305 657,0 мың теңге бөлініп, 1005 жеке көмекшіге 265 896,3 мың теңге игерілген. Ал 160 есту кемістігі бар мүгедектігі бар азаматтарға 17 ымдау тілі маманының қызметімен қамтуға 69 485,0 мың теңге бөлініп, 182 есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға 17 ымдау тілі маманының қызметіне 16 928,0 мың теңге төленген.
Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша 2022 жылдың қорытындысымен Қызылорда қаласында экономикалық белсенді халық саны 147886 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі қалада 4,7 пайыз, облыста 4,9 пайыз болып тіркелген.
2023 жылы қала бойынша 11624 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 01 мамырдың өзінде 5577 жаңа жұмыс орны құрылған. Оның 1456-ы тұрақты жұмыс орны.
2023 жылдың 1 мамырына қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан азаматтардың саны 10916, оның ішінде жұмысқа орналасқан азаматтар – 8820, тұрақты жұмысқа орналасқаны – 1282, яғни жұмысқа орналасқандар қатарынан тұрақты жұмысқа орналасқандар үлесі 14,5 пайызды құраған екен. Есепті кезеңнің соңына тіркелген жұмыссыздар саны – 7416, уәкілетті органға тіркелген жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыз болып тіркелген.
Биыл Қызылорда қаласында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін 541 адамға 150 203,0 мың теңге қаражат бөлінген. Ал кәсіби біліктіліктерін тануға 16 адамға 828,0 мың теңге қаражат бөлінсе, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беруге 380 адамға 524 400,0 мың теңге қаражат бөлінген.
Сонымен қатар жастарға жеңілдетілген 2,5 пайыздық микрокредит беру бойынша комиссия отырысында сенімді өкілдің іріктеуінен өткен, Қызылорда қаласынан кепілдік мүлікпен қамтамасыз етілген құны 110,1 млн. теңгені құрайтын 23 өтінім мақұлданған. 2023 жылғы 1-лек бойынша 94 адамның мемлекеттік грант алуға бизнес жобасы комиссиямен құпталып, оның ішінде 1 адам өз еркімен бас тартып, 129720,0 мың теңге игерілген.
Қаладағы қоғамдық жұмыстарға 2185 адамға 1 808 837,0 мың теңге бөлініп, мекемемен (344-і жеке сектор) келісім шарт жасалынып, қызметке 2687 адам жолданған. Оның ішінде 113 адам жұмысын аяқтаса, 32-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал әлеуметтік жұмыс орындарына 289 адамға 239 292,0 мың теңге қаржы бөлініп, 75 мекемемен келісім шарт жасалынып, 165 адам жолданып, 9 адам жұмысын аяқтап, 5-і тұрақты жұмысқа орналасқан.
«Жастар тәжірибесіне» 1543 адамға 1 916 406,0 мың теңге бөлініп, 232 мекемеменкелісім шарт жасалынып, 358 жас маман жолданып, мерзімінен бұрын 14 адам жұмысын аяқтап, екі адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 234 жас маманға 290819,0 мың теңге бөлініп, 25 мекемемен келісім шарт жасалынып, 29 адам жолданған.
Сонымен қатар «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына жергілікті бюджеттен 4 адамға 2 484,0 мың теңге бөлінсе, «Күміс жас» жобасына облыстық бюджеттен 281 адамға 244 052,0 мың теңге бөлінген. Оған 656 мекемемен келісім шарт жасалынып, 699 адам жолданған. Қазіргі таңда 17 адам жұмысын аяқтап, 74183,0 мың теңге игерілген.
«Жұмысқа тартудың белсенді түрлерінің бірі – бос орындар жәрмеңкесі. Қалада ай сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жұмыссыздарға жұмыс берушілермен кездесуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 6 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 162 мекемеден жұмыс берушілері мен қадр қызметкерлері қатысып, 2454 бос жұмыс орындарына сұраныстар ұсынды. Өткізілген «Бос жұмыс орындары» жәрмеңке нәтижесімен 78 адам тұрақты жұмысқа тұрып, 491-і кеңес алды», - дейді Кенжегүл Құрақбаева.
Бөлімде азаматтық хал актілерін тіркеудің 8 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Нәтижесінде 2023 жылдың 1 мамырына 6026 акт тіркелген. Сонымен қатар, есепті мерзім аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда қаласы бойынша ХҚКО департаменті арқылы – 1051, «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы – 4692, АХАТ секторы арқылы – 283 азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты өтініштер түсіп, олар өз мерзімдерінде орындалған.
Мемлекет басшысының нұсқауына сәйкес цифрлық мемлекетке көшу бойынша бір қатар жұмыстар жүргізуде, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді электрондық нұсқада көрсету сапасын жақсарту бағытындағы іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарды орындау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» (ХҚКО) коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен бөлім қызметкерлері арасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша дөңгелек үстелдер мен ашық есік күндері ай сайын өткізілуде. Өткізілген шарада жүгінген халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында тұрақты түрде мемлекеттік қызметтерді электрондық цифрлік қолтаңбамен алу тәсілдері түсіндірілуде.
«Бөлімдегі өзін-өзіне қызмет көрсету бұрышы да техникалық құралдармен толық қамтамасыз етіліп, баннерлер орналастырылып, барлық қызметтер бойынша брошюралар қойылған. Сонымен қатар бекітілген жоспар бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бағытында облыстық телеарнада тікелей эфирде – 2 рет, әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде, мемлекеттік қызмет істері агентігімен бірлесіп «Aray City Mall» сауда ойын-сауық орталығында, сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агентігімен ХҚКО-да, «AMANAT» партиясының облыстық және қалалық филиалында, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында, Жастар ресурстық орталығында және бөлімнің күту залдарында ашық есік күндерін өткізіп, тұрғындар сұрағына жауаптар беріліп, кері байланыс орнатылуда. Бөлім тарапынан халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бағытында атқарылатын жұмыстар өз жалғасын табатын болады», − дейді бөлім басшысы.