Kyzylorda-news.kz. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласында электрондық төлем жүйесін орнату жобасы іске асырылуда.

Аталған жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) механизмін пайдалана отырып іске асырылуда.

Қазіргі уақытта жобаның Алматы қаласындағы «AlemPay» ЖШС жеке серіктесімен 600 дана жабдық (стационарлық валидаторлар мен терминалдар) сатып алынды, бүгінде «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің 91 автобусында орнатылды. Кондукторлар мен жүргізушілер терминалдарды пайдалану бойынша қысқа мерзімді оқытудан өтті.

Бүгінгі күні жолаушылар онлайн режимде төлем жасауда. Көлік карталары арқылы – 85 теңге (SMS, QR-код, мобильді қосымша арқылы – 80 теңге (кэшбэктер мен жеңілдіктер бар 10 теңгеге дейін), ал қолма – қол төлем кезінде-90 теңге.

Тағы да оқыңыз: