Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы «КБИ», «Мұнайшы», Коммунизм», «Шанхай», «Әл-Фараби», «Бәйтерек», «Титов», «Қызылжарма» ауылдық округі, «Гагарин» тұрғын аудандарының орталықтандырылған ауыз су жүйелеріне жоспарлы жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Осы орайда 19 қазан күні кешкі сағат 21.00-ден 20 қазан күні таңғы сағат 06.00-ге дейін аталған тұрғын аудандарының орталық ауыз су жүйелеріне ауыз су беру уақытша тоқтатылатын болады.
«Ауыз суды пайдаланар алдында кранды ашып, хлордың иісі толық кеткенше ауыз суды пайдаланбауды сұраймыз. Ведомстволық мекемелерде 2023 жылы 20 қазан күні сағат таңғы 06.00-ден бастап суды ағызып, хлордың иісі толық жойылғанға дейін жауапты кісілерді бекіту қажет», - делінген қала әкімдігінің таратқан хабарламасында.

