Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы №267 орта мектепте тағылымы мол шара өтті. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында күні 2-4 сыныптар арасында «Үздік оқырман отбасы» сайысы ұйымдастырылды. Сайыс отбасылық  оқу дәстүрінің өркендеуіне себеп болу, ата-аналар мен балалардың бос  уақытын бірге тиімді өткізуіне септігін тигізу мақсатында оздырылды.

Білім мен білік сыналатын сайыста қатысушылар бірнеше кезеңде бақ сынады. Ең бірінші «Қанекей, танысайық» кезеңінде отбасылық командалардың өзін-өзі таныстырды. Ал екінші «Readx» жобасында отбасылар өздері оқыған шығармаларының қысқаша мазмұнын айтып, тыңдаушыларды оқуға шақырады. Білім жарысының «FantazyKart» бөлімінде таратылған суреттер бойынша әр топ өз ойынан ертегілер құрастыру керек болды. «Менің оқырман отбасым» сайысында тақырып бойынша кітапша құрастырса, «Ұшқыр ой» сайысында әр топтағы оқушылар сұрақ-жауап сайысында бақ сынасты. Ал жарыстың қорытынды алтыншы кезеңінде топтың ата-аналары түрлі сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинады.

Сайыс нәтижесінде білімімен, өнерімен ерекшеленген «Еркін» отбасы бірінші орынға ие болып, «Бөкембай» отбасы жүлделі екінші орынға лайық деп танылды. Ал «Прәлі» отбасы үшінші орынды жеңіп алып, «Ибрагимовтар» отбасы арнайы номинациямен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: