Фото: қала әкімінің баспасөз қызметі

Kyzylorda-news.kz. Бүгін оқушылар сарайында шаһар басшысының балғын бүлдіршіндерге арналған Жаңа жылдық шыршасы өтті.

Ғажайып мереке биылғы жылы «Жаңа жыл - жаңа қадам, жаңа бақыт» тақырыбында ұйымдастырылып, оқушылар сарайы бүлдіршіндер үшін жаңалық пен жұмбаққа толы таңғажайып ертегілер мекеніне айналды.

Жаңа жылдық мерекелік іс-шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасының балалары, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер және білім, өнер, спортта жетістіктерге қол жеткізген талантты да дарынды оқушылардан барлығы 100 бала қатысты.

Жаңа жылдық шырша салтанаты оқушылар сарайының өнерпаздары әзірлеген қойылымымен басталды. Қызықты кешке жиналған балалар Жаңа жылдық шыршаның басты қонақтары Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетіп, керемет сыйлықтарға ие болды.

Мерекелік іс-шарада қала әкімі Асылбек Шаменов: "Айналайын бүлдіршіндер! Шаһарымыздың өздеріңдей білімді де талапты жастары әлемнің ең озық оқу орындарында білім алуда, спорт саласында биік белестерді бағындырып чемпион атануда, басқа да үлкен жетістіктерге қол жеткізіп Сыр елінің абыройын көтеруде. Сол аға-әпкелеріңнен үлгі алып, зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар. Жаңа жыл өздеріңе де, сендерді мәпелеп өсіріп отырған ата-аналарыңа да тек жақсылық әкелсін» – деген жүрек жарды лебізін жеткізді.

Сонымен қатар, шаһар басшысы балаларға сыйлықтар табыстап, арнайы әзірленген жаңа жылдық тортты үлестірді. Бүлдіршіндер мерекелік дастарқаннан дәм татып, жаңа 2024 жылға ерекше көңіл күймен қадам басты.

414157428_3506054576327942_1969192024590988272_n.jpg

 

412931686_3506054229661310_3883667037667190914_n.jpg

 

412888384_3506054342994632_604021104551966500_n.jpg

 

414131485_3506054502994616_9084749891287097861_n.jpg

 

414178638_3506054542994612_1225738132230292686_n.jpg

 

412747745_3506054349661298_1429380948182583530_n.jpg

Тағы да оқыңыз: