Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кенті мен Бірқазан елді мекенін қоса есептегенде халық саны 4749 адамды құрайды. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 2227 адам болса, жұмыспен қамтылғандар саны 1731 адам. Кент тұрғындарының 450-і өзін-өзі жұмыспен қамтып отырса, 324 адам зейнеткер. Сонымен қатар Белкөл кентінде жұмыссыз 8 азамат бар.
Белкөл кентінің 2022 жылғы бюджеті 85,5 миллион теңгені құрап, оның 84,3 миллион теңгесі, яғни бөлінген қаржының 98,6 пайызы игерілген. Осылайша бюджетке бөлінген 1,2 миллион теңгесі үнемделген қаржыны құрады. Өткен жылы кентте 9 салық түрі бойынша жалпы 24,8 миллион теңге түсім жоспарланған. Жыл қорытындысымен 28,1 миллион теңгеге орындалып, көрсеткіші 113,1 пайызды құраған.
Кентте 124 кәсіпкерлік субъект тіркеліп, 135 тұрақты жұмыс орны ашылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 51,8 процентті құраған. 10 мың адамға шаққанда 100 жаңа жұмыс орнын ашу межесі орындалған.
«Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында «Өңірлік инвестициялық орталық» микроқаржы ұйымы арқылы 28 миллион теңгеге 3 жоба, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы 9 жоба 99,8 миллион теңгелік несиеге қол жеткізген.
«Еңбек» бағдарламасы аясында жалпы көлемі 5 миллион теңгені құрайтын 1 жоба жүзеге асырылса, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бардарламасының қайтарымсыз қаражаты есебінен 20 жоба жалпы құны 24 миллион теңге болатын грантқа қол жеткізді. Кент бойынша 1,3 миллиард теңгеден астам қаражатқа инвестициялық жобалар жүргізілуде.
«Марал Нұр» ЖШС жолаушылар вагондарын жөндеу депосының құрылысына 900 миллион теңге кәсіпкердің өз қаражаты есебінен игерілген. Жобаның аяқталу мерзімі 2023-2024 жылдарға көзделіп отыр. Жалпы құны 4 миллиард теңгені құрайтын жоба құрылысы толық аяқталып, өз мәресіне жеткен уақытта шамамен 300-400 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді деп жоспарланған. Сондай-ақ аталған кәсіпкер өз қаражаты есебінен құны 200 миллион теңгеге Медресе салып, бүгінде халық игілігі үшін пайдалануға берілді.
Кенттегі жеке кәсіпкер «Сауенова» «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банк арқылы 30 миллион теңгеге спорт кешені жанынан кіші футбол алаңы құрылысын жүргізді.
«Вега Пром» ЖШС-і «Қызылорда қаласында құрғақ құрылыс қоспаларын шығару» жобасына кент аумағынан 2,9 гектар жер телімін игеруде. Қазіргі таңда серіктестік «Қызылорда Өңірлік инвестиция орталығы» микро қаржы ұйымы арқылы 20 миллион теңгеге қолдау алған. Жобаның негізі жалпы құны 103 миллион теңге.
Сонымен қатар «Нұр Орда жолы» ЖШС-і Белкөл кенті аумағынан 4 гектар жерге жалпы құны 87 миллион теңге болатын асфальт-бетон зауытының құрылысын жүргізуде.
2022 жылы кент тұрғындарының жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру арқылы 28 адам қоғамдық ақылы жұмыспен қамтылған. Жастар тәжірбиесі арқылы 4 азамат, кәсіптік оқыту 1азамат, алғашқы жұмыс орнына 2 азаматқа жолдама берілген. Сондай-ақ өткен жылы 101 отбасындағы 373 адмға 13,8 миллион теңге қаржыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.
Белкөл кентіндегі №189 орта мектеп 1995 жылы пайдалануға берілген. Мұнда екі ауысымда барлығы 784 оқушы білім алады. Мектепте 21 сынып жиынтығы мен 3 мектепалды даярлық тобы жұмыс істейді. Ал 2013 жылы пайдалануға берілген №145 орта мектепте 1 ауысымда 64 оқушы білім алады. Мұнда 11 сынып жиынтығы мен 1 мектепалды даярлық тобы жұмыс істейді.
Сонымен қатар Белкөл кентінде 160 баланы тәрбиелеп отырған «Балапан» бөбекжай балабақшасы және 22 бала тәрбиеленетін жеке «Ғазиза» балабақшасы жұмыс істейді. Кентте 1 ауылдық клуб және 1 кітапхана бар. Ауылдық клубта көркем сөз оқу, ән айту, әжелер ансамблі, атамұра дәстүрлі ән үйірмесі ұйымдастырылған болса, 35 оқушы қатысатын «Әл-Әзиз» оқу орталығында «Қарлығаш» хор үйірмесі мен вокал үйірмесі бар.
Кентте сондай-ақ 3 ойын алаңы, 1 футбол алаңы және тұрғындарға арналған 1 жаттығу орны болса. Бірқазан елді мекенінде 1 футбол алаңы бар. Белкөлдік 250-ге жуық бала еркін күрес, джио джитсу, қазақша күрес, дзюдо, каратэ, үстел теннисі, шахмат секілді спорттың 8 түрімен шұғылданады.
Белкөл кентіндегі К.Әбдіқадыров №3 көшесіне түнгі жарық бағаналарын орнату үшін жергілікті бюджеттен 2,5 миллион теңге қаралып, құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған. Сонымен қатар бұл көшеге демеушілер есебінен балалар ойын алаңы бой көтерді. Асфальт төсеуге Сарыарқа көшесіне 21,1 миллион теңге, Путейцев көшесіне 26,5 миллион теңге, қиыршық тас төсеуге Әбдіқадыров №4, Жерұйық, Әбдіқадыров №2, Әбдіқадыров №9, Әбдіқадыров №6 және Путейцева тұйығына 42,3 миллион теңге, Орталық көше және Бірлік көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу үшін 39,1 миллион теңге қаржы қаралып, биылғы жылы жүзеге асыру көзделінген.
Мұнда электр желісінің ұзындығы 15,8 шақырым болатын 5 дана электр трансформаторы орнатылған. Кенттегі 8 көше түнгі жарықпен жарықтандырылып, жыл көлемінде жанып тұруы мен күтіп ұстауға қалалық бюджеттен 7,5 миллион теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылған. Ал Бірқазан елді мекеніне түңгі жарық бағаналарын орнатуға жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, 11,6 миллион теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылған.
Сарыарқа, Жерұйық және Бірлік көшелеріне жаңадан электр желісін тарту үшін ЖСҚ дайындалып, 76,6 миллион теңгеге қалалық құрылыс бөліміне бюджеттік өтінім ұсынылған.
Белкөл кентінің жалпы жер көлемі – 2095 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында табысталған жер учаскесінің көлемі – 1772 гектар. Елді мекен жері 921 гектар болса, жайылымдық жер көлемі 1757 гектарды құрайды. Сондай-ақ Бірқазан елді мекенінің тұрғындары 20 гектарға картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егіп отыр.
Кенттегі 369 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үй, мектеп, балабақша, интернат орталықтандырылған жылумен және табиғи газбен қамтылған. Белкөл кентіндегі жалпы ауыз су құбырының ұзындығы - 20,2 шақырымды құрайды және кент толықтай «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауыз сумен 100 пайыз қамтылған. Кенттегі жалпы жолдың ұзындығы 17,2 шақырым болса, оның ішінде асфальт төселген жолдың ұзындығы - 10456 метр, қара жолдар – 6750 м.
