Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев қала тұрғындарын қабылдап, өтініштерін тыңдап, шешу жолдарын талқылады.
Қабылдау барысында қала тұрғыны Ф.Балғабаеваға көтерген мәселесіне қатысты тиісті органдардың жауаптары негізінде атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар жеткізіліп, жан-жақты түсіндірме, бағыт-бағдар берілді. Ф.Балғабаева үстіміздегі жылдың сәуір айында қабылдауда болып, жұмысқа орналастыру, тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарына (модернизация) қатысты мәселелер көтерген болатын. Ф.Балғабаева жұмыстың нәтижесімен танысып, атқарылған жұмыстарға өз ризашылығын білдіріп кетті.
Жеке қабылдауға келген кезекті қала тұрғыны С.Узбаев өзі тұрып жатқан тұрғын үйдің жер учаскесін заңдастыру мәселесін көтерсе, Газовик саяжайының тұрғыны М.Жанпеисова «Пищевик» саяжайының жол және тұрғын үйінің апатты жағдайда болуына қатысты мәселе көтерді.
Сонымен қатар, қабылдауда болған бірқатар қала тұрғындары, көп балалы аналар тарапынан материалдық көмек көрсету, тұрғын үйдің апатты жағдайда болуы, пәтер алу жайлы мәселелер көтерілді.
