Kyzylorda-news.kz. №13 сайлау округінен сайланған Қызылорда қалалық мәслихат депутаты Басықараев Ибраким Асқарұлы бекітілген жоспарға сәйкес жеке қабылдау өткізіп, тұрғындарды қабылдады.
Қабылдау барысында №6 мектеп директоры А.Сейілханов мектеп ауласындағы спорт алаңшасын асфальттауға ықпал жасауды сұрады. Ал Қорқыт ата көшесінің тұрғыны Г.Айдарова депутатқа Қасиетті Рамазан айында берген көмегіне рахметін жеткізе отырып, тұрғын үй кезектілігі мәселесін көтерсе, Титов қыстағының тұрғыны А.Байекеева тұрақты жұмысқа тұруға көмек сұрады.
Сонымен қатар, Жанқожа батыр көшесінің тұрғыны К.Қанатбаева, Қорқыт ата көшесі тұрғыны И.Байбулова, Мұратбаев көшесінің тұрғыны зейнеткер Р.Ешпаева, Қорқыт ата көшесінің тұрғыны Г.Шаймбетова қаржылай көмек сұрады.
Қалалық мәслихат депутаты өз тарапынан шешу жолдарын қарастыру мақсатында құзырлы органдармен жұмыс жасалатынын жеткізді.
№15 сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Айгүл Нәжмадинқызы Мұсабаева бекітілген жоспарға сәйкес жеке қабылдау өткізіп, тұрғындарды қабылдады. Қабылдау барысында Жанқожа батыр көшесінің тұрғыны К.Қанатбаева, Қызылжарма ауылдық округ тұрғыны Ж.Пірманшаева қаржылай көмек сұрады. Байтерек мөлтек ауданы тұрғыны Р.Қобланова тұрғын үй кезегі мәселесін көтерді.
№16 сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Маржан Қылышбайқызы Бисенова бекітілген жоспарға сәйкес жеке қабылдау өткізіп, Қабылдау барысында Жанқожа батыр көшесінің тұрғыны К.Қанатбаева, Қизатов көшесінің тұрғыны Л.Ильясова және Тайманов көшесінің тұрғыны Г.Урумова қаржылай көмек сұрады.
