Kyzylorda-news.kz. VIII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихат депутаттары қала тұрғындарын жеке қабылдауды бастады. Ең бірінші болып қалалық мәслихаттың төрағасы Ибадулла Құттықожаев жоспарға сәйкес жеке қабылдауын өткізіп, тұрғындарды қабылдады.

Қабылдау барысында Бектұрғанов көшесі №13 үйдің тұрғыны  Ф.Балғабаева өздері тұрып жатқан үйге жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына көңілі толмайтынын білдірді. Сонымен қатар, I топ мүгедегі, зейнеткер З.Исхакова тұрғын үй алу, пәтер кезегіне тұру кезінде әлеуметтік осал топтарға, мүгедектерге жеңілдіктер қарастыру туралы ұсыныстарын білдірді. 

Сондай-ақ, Қорқыт Ата көшесі бойындағы «Small» әмбебап ірі дүкеніне (супермаркет) өтетін жаяу жүргінші жолағына қатысты, жеке үй құрылысы үшін жер телімдерін алу бойынша мәселелер көтерілді. Ж.Аленов жер кезегінде тұрғанын, кезектің қашан келетінін жайлы хабар алғысы келетінін білдірді.

Ибадулла Дүйсенбайұлы қалалық мәслихат тарапынан шешу жолдарын қарастыру бойынша құзырлы органдарға хаттар жолданып, жұмыс жасалып, жауаптар жолданатынын жеткізді. Кейбір мәселелерге қатысты шешу жолдарын түсіндіріп, бағыт-бағдар, ақыл-кеңестерін де берді.

Қалалық мәслихат төрағасынан кейін №3 сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Бахтияр Сыздықов бекітілген жоспарға сәйкес жеке қабылдау өткізіп, тұрғындарды қабылдады. 

Қабылдау барысында тұрмысы төмен отбасылары Жаңқожа батыр көшесі тұрғыны К.Қанатбаеваға,  Қорқыт ата көшесі тұрғыны И.Байбуловаға, А.Иманова көшесі тұрғыны Ж.Дуршееваға, Тайманов көшесі тұрғыны  Г.Уримоваға азық-түлікпен көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Тоғанас батыр көшесінің тұрғыны М.Шамаев құрылыс-материалдарымен көмектесуді сұрады. Ал, С.Ишан көшесінің тұрғындары Г.Алдешова, Л.Айтбаева, А.Ақмағамбетова  ауыз су мәселесіне байланысты өтініштерін жеткізіп, су құбырларын жаңартуды сұрады.

Қалалық мәслихат депутаты Бахтияр Нұрділдаұлы өз тарапынан шешу жолдарын қарастыру мақсатында құзырлы органдармен жұмыс жасалатынын жеткізді.

Ал №6 сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Мұса Әбдіқалықовтың бекітілген жоспарға сәйкес жеке қабылдауында Г.Қойшыбаева науқас баласына протез жасатуға, Г.Шайымбетова тұрақты жұмыс мәселесі, Г.Айдарова тұрғын үй кезегі мәселесі, ал Н.Кадирова көз ауруы бар балаларға арналған ғимараттың ескіруіне байланысты жаңа ғимаратқа көшу мәселесін көтерді.  

 Сонымен қатар, тұрмысы төмен көпбалалы аналар Қ.Омарова, И.Бижанова, П.Абуова, И.Байбулова, З.Көпбергенова мен И.Тұрбашева дәрі-дәрмек және қаржылай көмек сұрады. 

№7 сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Әбдіғабит Әбләзімұлының бекітілген жоспарға сәйкес жеке қабылдауына келген тұрғын А.Сырғабаев Байтерек 3, 55 мекен жайындағы ауыз су және электр жарығы мәселесін көтерді. Сонымен қатар, Жанқожа батыр көшесі тұрғыны К.Қанатбаева және Қорқыт ата көшесі 124а үй тұрғыны Г.Шайымбетова  қаржылай көмек сұрады. 

Одан бөлек №8 сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Талғат Мақашов та бекітілген жоспарға сәйкес жеке қабылдау өткізіп, тұрғындарды қабылдады. Қабылдау барысында Белкөл кенті, Путинцев тұйығы 4 үй тұрғыны Р.Жаханова тұрғын үй алу мәселесін көтерді.   

Тағы да оқыңыз: