Kyzylorda-news.kz Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топпен белгіленбеген орынға қоқыс қалдығын төгу, құрылыс қалдықтарын тастау және қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп, нысан аумағын қалыпты жағдайда ұстамау, арық арналарын ластау, заңсыз қоршау жүргізу, жалпы эстетикалық талаптарды бұзу деректері бойынша рейд жұмыстары жалғасуда.

Қала көшелерін таза ұстауға, елдімекендерді біркелкі әрлеуге бағытталған түсіндірме жұмыстарына қоғам белсендісі, қаламыздың эко-жанашыры Болат Нұрқожаев қосылып, тұрғындарға бірнеше ескерту жасады.

Қаланың сәулеттік келбетін ажарландыру мақсатында бірнеше кәсіпкерлік нысанның қасбетін әрлеу, көше жарықшамдарын ретке келтіру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Айта кету керек, қаламыздың санитарлық тазалығын қамтамасыз етуде «Қызылорда тазалығы» мекемесі үздіксіз қызмет көрсетіп келеді.

Онымен қатар кезекті аралау барысында қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев нысан аумағының тазалығы мен сәулеттік келбетін сақтамаған бірқатар кәсіп иелері мен тұрғындарға ескертулер жасады. Санитарлық тазалығын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек жұмысшы топпен бірге халық қалаулылары Мақсат Жүсіп және Маржан Бисенова да қала көшелерін таза ұстауға, қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыруға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тазалыққа немқұрайлы қараған кәсіп иелері мен тұрғындарға бірнеше ескерту жасады.

Қала тазылығын сақтаудағы шара жаппай сенбілік шарасына ұласты. Демалыс күндері Қызылорда қаласында кезекті сенбілік өтіп, қала орталығы мен шет аумақтағы көшелер, сквер, аллеялар, вокзал, базар аумақтарына тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.

Сенбілікке 241 мекемеден 1980 адам атсалысып, 16 арнайы қоқыс жинайтын техника жұмылдырылып, тазартылды. Нәтижесімен орталық полигонға 200 м3 қоқыс шығарылды.

Қала тазалығы баршамызға ортақ! Сондықтан әр қала тұрғынын таза қала үшін сенбілік жұмыстарына атсалысуға, тұрғын үйлердің, аулалардың және көшелердің аумағындағы тазалық шараларына өз үлестерін қосуға шақырамыз!

Тағы да оқыңыз: