Kyzylorda-news.kz. Бүгінде инженерлік-инфрақұрылымнан шет қалсаң, тірлігіңе тосқауыл болғандай әсер беретіні рас. Өркениетті елдердің қатарына қосылып, дамыған елдермен иық тіресе қатар тұрамын десең бұл бірінші кезекте қажетті дүние. Сондықтан қаланың инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту күн тәртібіндегі басты мәселе. 

Қазір бұрынғыдай суды бұлақтан тасып, құдықтан тартатын заман артта қалды. Жарықтың да сағат санап өшіп қалатын әдеті жоқ. Діттеген жерге жету үшін қоғамдық көлігің, теп –тегіс асфальт жолың дайын. Десе де, тіршілік бар жерде не нәрсенің де тозығы жетіп, қайта салу, жаңғыртуды талап ететіні бар. Бір қуанарлығы, қазір бұрынғы кездегідей жер алып, үй салып, содан кейін ғана су мен жарық, жол іздеп жүрмейсің. Баспана салу үшін берілетін жердің инфрақұрылымдық жүйесіжүрргізілген, дайын болуы тиіс. Бұл да өз кезегінде халықтың игілігі үшін жасалып жатқан жұмыс. 

Биыл қаланың инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру мақсатында Ұлттық қордан, сондай-ақ, республикалық, облыстық бюджеттерден барлығы 4790,9 миллион. теңге қаражат бөлінген. Аталған қаржыға қала және оған қарасты кенттер мен ауылдық елдімекендерді көркейту жұмыстары жүргізіледі. 

Атап айтқанда:

1. Ұлттық қордан 299,8 миллион теңгеге Қарауылтөбе ауылдық округіне қарасты кіре беріс жолдың бойында орналасқан жаңа қоныс аумағына қиыршық тас төсеуге бөлінген. 

2. Тасбөгет кентіндегі Сабалақ саяжайына қиыршық тас жолының құрылысына 211,5 миллион. теңге;

3.  Тасбөгет кентіне қиыршық тас жолға 248,5 миллион. теңге;

4. Бірқазан елді мекеніндегі орталық көшелерінің жол құрылысына 38,3 миллион. теңге; 

5. Республикалық және облыстық бюджеттен СПМК-70 ауданындағы №3 тұрғын үйінің, сумен жабдықтау және кәріз желілеріне 23,2 миллион. теңге;

6. Республикалық және облыстық бюджеттен СПМК-70 ауданындағы №3 тұрғын үйінің, жылу желілеріне 27,4 миллион. теңге;

7. Республикалық және облыстық бюджеттен СПМК-70 ауданындағы №3 тұрғын үйінің,  электр желілерін қоса қаржыландыруға  98,9 миллион. теңге;

8. Республикалық бюджеттен, Ақжарма ауылдық округіне электрмен жабдықтауға 278,3 миллион. теңге;

9. Облыстық бюджеттен СПМК-70 ауданындағы №3 тұрғын үйінің, бас жоспар және телефон желілеріне 235,9 м миллион. теңге;

10. Облыстық бюджеттен СПМК-70 ауданындағы №3 тұрғын үйінің, газбен жабдықтау желілеріне 3,1 м миллион. теңге;

11. Бәйтерек тұрғын ауданындана ұңғымалар бұрғылаумен су жинағыш салу" жобасын қоса қаржыландыруға 111,8 миллион. теңге;

12. Қарауылтөбе ауылдық округіне, электр жеткізу желілерінің құрылысы" жобасын қоса қаржыландыруға 34,5 миллион. теңге;

13. Жас алаш және Теректі көшелерінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы. Ауыз су жүйесінің құрылысы" жобасын қоса қаржыландыруға 4,2 миллион. теңге;

14. "Қызылорда қаласы, СПМК аумағы Болашақ баубақша серіктестігінің инженерлік инфрақұрылымы. Ауыз су жүйесінің құрылысы" жобасын қоса қаржыландыруға 8,9 миллион. теңге;

15. "Қызылорда қаласы, Еңбек аумағындағы жеке тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы құрылысы. Ауыз су жүйесі" жобасын қоса қаржыландыруға 14,8 миллион. тенге;

16. Қызылорда қаласы, Эдельвейс аумағы жеке тұрғын үйлер секторының инженерлік инфрақұрылымы. Ауыз су жүйесінің құрылысы жобасын қоса қаржыландыруға 14,0 миллион. теңге;

17. "Қызылорда қаласы, Орбита аумағындағы жеке тұрғын үйлер секторының инженерлік инфрақұрылымы ауыз су жүйесінің құрылысы" жобасын қоса қаржыландыруға 21,1 миллион. теңге бөлінді;

18. Қызылорда қаласындағы, Ақжарма ауылдық округіндегі тұрғын үй секторының инженерлік инфрақұрылымы құрылысы. Электрмен жабдықтауға 10,9 миллион. теңге;

19. Қызылжарма ауылдық округіндегі Р.Батырбаев №2 көшесінде орналасқан 5 қабатты жатақананың кәріз желісін орталықтандырылған кәріз желісіне қосуға 8,6 миллион. теңге;

20. Қызылорда қаласындағы СПМК-70 ауданындағы № 2 тұрғын үйдің инженерлік инфрақұрылымының құрылысы. Бас жоспар және телефон желілеріне 115,2 миллион. теңге;

21. Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 50 көппәтерлі №32, 34 тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілері. Абаттандыруға 24,8 миллион. теңге;

22. «Қызылорда қаласы Әл-Фараби ауданындағы тұрғын үй секторының инженерлік инфрақұрылымы. Су желілері» жобасын қоса қаржыландыруға 2,0 миллион. теңге;

23. «Қызылорда қаласы Талдыарал елді мекенінде тұрғын үйлердің электр желілері құрылысы» жобасын қоса қаржыландыруға 4,1 миллион. теңге;

24. "Қызылорда қаласы, Сабалақ елді мекеніндегі тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы құрылысы. Электрмен жабдықтау" жобасын қоса қаржыландыруға 28,3 миллион. теңге;

25. "Қызылорда қаласы, Еңбек аумағындағы тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы құрылысы. Электрмен жабдықтау" жобасын қоса қаржыландыруға 7,4 миллион. теңге;

26. "Қызылорда қаласында Орбита ауданындағы тұрғын үй секторының инженерлік инфрақұрылымы құрылысы. Электрмен жабдықтау" жобасын қоса қаржыландыруға 4,0 миллион. теңге;

27. "Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінде тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы. Электрмен жабдықтау" жобасын қоса қаржыландыруға 1,2 миллион. теңге;

28. Қызылорда қаласы, Арай Шұғыла ауданындағы тұрғын үй секторының инженерлік инфрақұрылымы құрылысы. Электрмен жабдықтау" жобасын қоса қаржыландыруға 1,5 миллион. теңге;

29. Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы № 2 шағын ауданында орналасқан 5 қабатты, 10  тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымы. Электр желілеріне 342,2 миллион теңге;

30. Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы № 2 шағын ауданында орналасқан 5 қабатты, 10  тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымы. Жылу желілеріне 349,0 миллион. теңге;

31. Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы № 5 шағын ауданы инженерлік инфрақұрылымы. Электр желілеріне 260,2 миллион. теңге;

32. Қызылорда қаласындағы апатты тұрғын үйлерде тұратын тұрғындар үшін Жаппасбай батыр көшесі бойындағы екі 40 пәтерлі және бір 60 пәтерлі тұрғын үйдің инженерлік инфрақұрылымын салуға (Ауыз су және кәріз желілері) 8,9 миллион. теңге;

33. Қызылорда қаласындағы апатты тұрғын үйлерде тұратын тұрғындар үшін Жаппасбай батыр көшесі бойындағы екі 40 пәтерлі және бір 60 пәтерлі тұрғын үйдің инженерлік инфрақұрылымын салуға (газбен жабдықтау) 6,1 миллион. теңге;

34. Қызылорда қаласындағы апатты тұрғын үйлерде тұратын тұрғындар үшін Жаппасбай батыр көшесі бойындағы екі 40 пәтерлі және бір 60 пәтерлі тұрғын үйдің инженерлік инфрақұрылымын салуға (жылу желілері) 7,9 миллион. теңге;

35. Қызылорда қаласындағы апатты тұрғын үйлерде тұратын тұрғындар үшін Жаппасбай батыр көшесі бойындағы екі 40 пәтерлі және бір 60 пәтерлі тұрғын үйдің инженерлік инфрақұрылымын салуға (электр желілері )18,6 миллион.теңге;

36. Қызылорда қаласы Қызылжарма аумағындағы 1,2,3 ауданында тас жол құрылысы (35 көшеге)100,0 миллион.теңге;

37. "Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан №4 тұрғын кварталында 40 пәтерлі №16 тұрғын үйдің инженерлік инфрақұрылымының құрылысы. Аулааралық жұмыстары мен телефон желісі» 70,2 миллион теңге;

38. "Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында №2 шағын аудандағы 5 қабатты 10 тұрғын үйдің инженерлік инфрақұрылымын салу". Газбен жабдықтау желілері» 38,4 миллион теңге;

39. "Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы №2-ші шағын ауданында орналасқан 5 қабатты, 10 тұрғын үйлердің инженерлік-инфрақұрылымы. Ауыз су және кәріз су желісінің құрылысы" 90,4 миллион. теңге;

40. "Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы №5 тұрғын кварталының инженерлік инфрақұрылымының құрылысы. Жылу желілеріне 210,9 миллион теңге;

41. "Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы №5 тұрғын кварталының инженерлік инфрақұрылымының құрылысы. Бас жоспар және телефон желілеріне 264,0 миллион. теңге;

42. «Қызылорда қаласы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру. Қызылорда қаласы Қорқыт Ата аэропорты терминалы құрылысының сыртқы инженерлік жүйесі. Жылумен жабдықтауға 311,7 миллион. теңге;

43. «Қызылорда қаласы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру. Қызылорда қаласы Қорқыт Ата аэропорты терминалы құрылысының сыртқы инженерлік жүйесі. Электр желісімен жабдықтауға 1 043,7 миллион. Теңге қаржы бөлінген.

Тағы да оқыңыз: