Kyzylorda-news.kz Бүгін «Азаматтарға арналған үкіметтің» Қызылорда облысы бойынша филиалында Республика күніне орай іс-шара ұйымдастырылды.

Мереке қарсаңында ХҚКО қызметкерлері таңертеңнен бері  қызмет алушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады және made in Kazakhstan шоколадын таратты.

Бұл шара тұрғындардың бірлігі мен патриоттық сезімін күшейтуге және сақтауға бағытталған. Науқан жұмыс күнінің соңына дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, Республика күніне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар 25 қазан,  жұма күні жұмыс істемейді.

Ал 26 қазан кезекші ХҚКО мен кезекші мамандандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні болып саналады. Мемлекеттік қызметті сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін алуға болады.

Цон 2.jpeg
ЦОн 3.jpeg

Тағы да оқыңыз: