Kyzylorda-news.kz   «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы сессиясының №85-11/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Бұл туралы қалалық мәслихаттың ХХІ сессиясында айтылды.

Қала әкімдігінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № 843 қаулысымен қала бюджетінің кірісі облыстық бюджеттен барлығы 17 205 301 мың теңге, оның ішінде ағымдағы және даму нысаналы трансферттері есебінен 1 450 000 мың теңгеге және кредит есебінен 15 755 301 мың теңгеге көбейтілгені, сонымен қатар Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 28.05.2024 жылғы №МКБ-10-10-13/4587-И санды хатымен қала бюджеті кірістерінің жылдық жоспарына өзгерістер енгізіп, 2 002 500 мың теңгеге ұлғайту жөніндегі ұсынысы ескеріліп, осыған байланысты шешімнің 1 тармағының 1 тармақшасы барлығы 3 452 500 мың теңгеге көбейіп 65 899 176,8 мың теңгені, салықтық түсімдер 2 002 500 мың теңгеге көбейіп 14 977 276 мың теңгені, трансферттердің түсімдері 1 450 000 мың теңгеге көбейіп 43 200 124 мың теңгені, қарыздар түсімі 15 755 301 мың теңгеге көбейіп 18 206 463 мың теңгені, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 7 971 605,4 мың теңгені, ал қалалық бюджет кірістерінің көлемі 93 226 727,9 мың теңгені құраған.

Бүгінде қалаға облыстық бюджеттен 17 205 301 мың теңге ағымдағы және даму нысаналы трансферттері мен кредит бөлінуде. Соның аясында қала бюджетінің кірісін ұлғайту есебінен 2 002 500 мың теңге және кейбір бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген 205 313 мың теңге, бос қалдық есебінен 55 529,7 мың теңге, барлығы 2 263 342,7 мың теңге қаржының тиісті бағытта жұмсау жоспарлануда. Оның ішінде қала әкімі аппаратының «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасына барлығы 27 148,0 мың теңге, оның ішінде 3 бірлік күзетші, 2 бірлік көлік жүргізуші ұстау шығындарына 5 742,0 мың теңге және ағымдағы шығындарына 21 406,0 мың теңге, «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасына материалдық-техникалық базасын нығайтуға 7 620,0 мың теңге бөлу қарастырылған. Ал қалалық экономика және қаржы бөліміне «Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару,  жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды  реттеу» бюджеттік бағдарламасына 300,0 мың теңге, «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві» бюджеттік бағдарламасы 101 «Шұғыл шығындарға арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві» кіші бағдарламасына 19 705,0 мың теңге бөлінбек.

Сонымен қатар, қалалық қоғамдық даму бөлімі бойынша «Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасына барлығы 4 478,0 мың теңге, оның ішінде еңбекақы қорына 478,0 мың теңге және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерге 4 000,0 мың теңге, «Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер» бағдарламасына газеттерге қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша оң жетістіктері мен мәдени-рухани шараларын ақпараттандыруға 5 миллион 802,0 мың теңге бөлу көзделген. Ал қалалық  ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің «Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасына барлығы 5 миллион 470,0 мың теңге, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы конкурска ұсынылатын жерлердің жерге орналастыру жобасын әзірлеу қызметіне 3 миллион 464,0 мың теңге, сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін дайындауға 2 миллион 006,0 мың теңге, «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасына материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 3 миллион 500,0 мың теңге қаржы бөлу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі,  автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасына барлығы 60 миллион 443 мың теңге, оның ішінде қызметтік автокөлікке жанар-жағар май сатып алуға 443,0 мың теңге, Қызылорда қаласы аумағында орналасқан нысандардың жерге орналастыру жобасын жер кадастрлық жоспарын әзірлеу, техникалық паспорттарын әзірлеу және жер құжаттарын тіркеуге 60 000 мың теңге, «Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, оның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру" бағдарламасына барлығы 209 612 мың теңге, оның ішінде Қызылорда қаласы, Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржол өтпесін салу үшін учаскесін мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн сатып алу жолымен иеліктен айыруға 200 000 мың теңге және Қызылорда қаласы, Саяхат шағын ауданы, С. Шотықов көшесі, №29А, (бұрынғы Саяхат шағын ауданы, Саяхат-22 көшесі, №29А) мекен жайындағы жер учаскесін сатып алу жолымен иеліктен айыруға 9 миллион 612 мың теңге, «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасына Қызылорда қаласы аумағына 4 көзді жарық шамдарын сатып алуға 19 миллион 250 мың теңге, «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасына барлығы 256 151,8 мың теңге, оның ішінде Қызылорда қаласы, Бәйтерек-Шұғыла шағын ауданы №98В, Арай-2 шағын ауданы, №3 және №4 үй ауласы, Сырдария шағын ауданы №10 мекен жайындағы аулаларды абаттандыруға 158 992 мың теңге, қала көшелерін абаттандыру мақсатында машиналар мен механизмдердің қызметтеріне 10 000 мың теңге, қаладағы коммуналдық шаруашылық объектілерін күтіп ұстау және қызмет көрсетуге барлығы 46 659,8 мың теңге (балалар ойын алаңдарына -32 662,7 мың теңге, қаладағы көп пәтерлі тұрғын үйлер аулаларына қоқыс жәшігі орындарына -13 997,1 мың теңге) және "Жасыл Қызылорда" КММ-не газон сатып алуға 40 500 мың теңге, «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасына барлығы 75 000 мың теңге, оның ішінде қала көшелеріне жүргізілген жол-жөндеу жұмыстарының сапасына және пайдаланылатын материалдардың сапасына зертханалық тексеру жұмыстарына 25 000 мың теңге, Қызылорда қаласы көшелерін ағымдағы жол жөндеу жұмыстарына 50 000 мың теңге, «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасына Қызылорда қаласында (ақ дақтар) кварталішілік газ құбырларының желісін салу жұмыс жобасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға 1 миллион 670 мың теңге,  «Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту» бағдарламасына Қызылорда қаласы, Қожа Ахмет Яссауи көшесін Ә.Бокейхан көшесінен Әйтеке би көшесіне дейін қайта жаңғырту (Қожа Ахмет Яссауи көшесі бойын көгалдандыру және абаттандыру) жұмыстарына 502 500 мың теңге, «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бағдарламасына "Қызылорда су жүйесі" ШЖҚ МКК-ның жарғылық капиталын ұлғайту үшін "Арай" су алу құрылымын дамытуға 511 471 мың теңге бөлінбек.

Сонымен бірге қалалық құрылыс бөлімінеде тиісті қаражат бөлу жоспарланған. Оның ішінде «Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» бюджеттік бағдарламасына Қызылорда қаласы, Қызылжарма аумағындағы 1,2,3 ауданында тас жол құрылысы (35 көшеге) жұмыстарына 60 000 мың теңге,  «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту»  бюджеттік бағдарламасына барлығы 315 миллион 789,9 мың теңге, оның ішінде Қызылорда қаласының Эдельвейс, Орбита саяжайларындағы тұрғындарды толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету үшін саяжайларға су ұңғымалары құрылысының жоба сметалық құжаттамасын әзірлеуге 24 миллион теңге, «Қызылорда қаласы қалалық саябағы ауданында көтергіш сорғы станциясын салу» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге 832 мың теңге, Қызылорда қаласы, КБИ ауданында Жаппасбай батыр көшесі бойында орналасқан көтергіш сорғы станциясын салуға 77 миллион 824 мың теңге, Қызылорда қаласы, Әуезов көшесі бойында орналасқан көтергіш сорғы станциясын салуға 94 миллион 991 мың теңге, Қызылорда қаласы, Арай шағын ауданында көтергіш сорғы станциясын салуға 97 миллион 546,3 мың теңге, «Қызылорда қаласының Астана-1,2 шағын ауданында көтергіш сорғы станциясын салу» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге 984,4 мың теңге, «Қызылорда қаласы ТЖ вокзалы ауданында көтергіш сорғы станциясын салу» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге 745,6 мың теңге, «Қызылорда қаласында 10КСС 40КСС бастап №1КСС дейін қысымдық кәрізді реконструкциялау» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге 1 миллион 503,6 мың теңге, «Қызылорда қаласындағы кәріздік сорғы станцияларын қайта құру және жаңғырту. КНС №17»  жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге 1 миллион 096,4 мың теңге, «Қызылорда қаласындағы кәріздік сорғы станцияларын қайта құру және жаңғырту, КНС №22» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге 1 миллион 110,6 мың теңге, «Қызылорда қаласындағы кәріздік сорғы станцияларын қайта құру және жаңғырту. КНС №52»  жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге 1 миллион 267,5 мың теңге, «Қызылорда қаласындағы кәріздік сорғы станцияларын қайта құру және жаңғырту. КНС №55»  жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге 477,5 мың теңге, «Қызылорда қаласындағы кәріздік сорғы станцияларын қайта құру және жаңғырту. КНС №56»  жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге 583,1 мың теңге, «Қызылорда қаласындағы кәріздік сорғы станцияларын қайта құру және жаңғырту. КНС №96» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге 869,6 мың теңге, «Қызылорда қаласындағы кәріздік сорғы станцияларын қайта құру және жаңғырту. КНС №101» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге 707,6 мың теңге, «Қызылорда қаласында Толыбеков көшесі бойында №12 КСС дейін өздігінен ағатын кәрізді реконструкциялау» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге 1 миллион 803,3 мың теңге, «Қызылорда қаласы Көшербаев көшесімен, Астана даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі су жүйесін қайта жаңғырту»  жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге 899,2 мың теңге, «Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі бас САҒ ( Су ағынды ғимаратындағы) - Қыпшақбай Юсупов көшесі бойынша СҚ (су қоймасы)-нан ТСҚ (таза су қоймасы) дейін су құбырын реконструкциялау» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге 1 миллион 367,4 мың теңге, Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы Тораңғылсай жер асты су кен орныныңа сумен қамтамасыз жобасының сараптамасын алуға 3 миллион 529 мың теңге және Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде орналасқан бас су тарту құрылымын кеңейту және жаңғырту жұмыс жобасының сараптамасын алуға 3 миллион 651,8 мың теңге, «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасына барлығы 1 миллион теңге, оның ішінде Қызылорда қаласы, Сабалақ елді мекеніне орамішілік газ желісі және ШГРП құрылысы, 1-ші іске қосу кешені құрылысына 500 мың теңге және Қызылорда қаласы, Сабалақ елді мекеніне орамішілік газ желісі және ШГРП құрылысы, 2-ші іске қосу кешені құрылысына 500 мың теңге қаржы бөлу қарастырылған.

Ал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің» оқу ақысы қымбаттауына байланысты қала бойынша 53 білім алушылардың оқу ақысына 18 932,0 мың теңге, «Белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу» бағдарламасы барлығы 2 миллион 263,5 мың теңге, оның ішінде орталықта қызмет алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейне бақылау камерасын орнатуға1 миллион 200,0 мың теңге, спорттық тренажер орнатуға 980,5 мың теңге және волейбол сеткасы мен добын сатып алуға 83,0 мың теңге,  «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» бағдарламасы бойынша мүгедектігі бар адамдарға гигиеналық құралдар және техникалық-компенсаторлық құралдар сатып алу үшін қосымша 100 000,0 мың теңге, «Ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша «Белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығына» материалдық-техникалық базасын нығайтуға және жиһаздар сатып алуға 7 миллион 736,5 мың теңге қарастырылмақ. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бағдарламасы бойынша қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына барлығы 47 миллион 500,0 мың теңге, оның ішінде Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай шығарылатын кітапқа 15 миллион 700,0 мың теңге және жыл аяғына дейін қалада аталып өтетін атаулы мерекелік іс-шараларға 30 миллион теңге қаражат бөлінбек.

Сессия барысында айтылғандай кейбір бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларына ішінара өзгерістер енгізу жоспарлан. Оның ішінде қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасынан ағымдағы шығындарынан 325,0 мың теңгені  шегеріп, қала әкімінің аппаратының «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасына 325,0 мың теңгені бағыттау, сондай-ақ, қала әкімінің аппаратының «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасындағы Қызылорда қаласы, Ж.Махамбетов ауылы, Наурыз елді-мекені және Абай, Досан ауылдарындағы газ тарату құбырларының құрылысына қызмет көрсету жұмыстарына бөлінген 19 миллион 999 мың теңгені «Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер бағдарламасына бағыттау жоспарланған.

Осыған байланысты мәслихат шешімінде 1 тармақ 2 тармақшадағы бюджет шығындарының жалпы сомасы 79 миллиард 548 миллион 659 мың теңгені, қаржы активтерін сатып алу 2 миллиард 451 миллион 475 мың теңгені құраған. Шығындардың қалған бөлігі ҚР бюджет кодексінің 13, 15, 16, 17, 18 баптарына сәйкес бюджет құрылымы негізінде әзірленген.

А.Әлім

Тағы да оқыңыз: