maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласындағы №16, 24, 25 бағыттағы автобустардың жол сызбасы өзгерді. 

Белкөл, Әл Фараби және Бәйтерек мөлтек ауданы тұрғындары Сол жағалау мөлтек ауданында жаңадан бой көтерген автовокзалға жетуі біршама жеңілдейді.

 №16 бағыт Белкөл мөлтек ауданынан тікелей автовокзалға аялдайды.

 Жаңа сызбаға сәйкес №24 бағыт Әл Фараби мөлтек ауданынан тікелей автовокзалға баратын болады.

Сол секілді №25 бағыт Бәйтерек мөлтек ауданынан тікелей автовокзалға аялдайтын болады.

Аталмыш өзгерістер қалаішілік бағыттардын жол сызбаларын оңтайландыра отырып қала тұрғындары және қонақтарына қолайлы жағдайлар жасалуда.

Тағы да оқыңыз: