Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы 16 шілде күні орын алған ұрлықтың ізі суымай ашылды. Белгісіз азамат қала аумағындағы дүкендердің бірінде тұрған «Слам» үлгісіндегі велосипедті ұрлап кеткен. 

Бейнебақылау камералары арқылы тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті азамат велосипедті қала аумағында айдап жүрген жерінен патрульдік полиция қызметкерлерімен ұсталды. 

Тергеу іс-әрекеттері барысында күдікті ұрланған мүлікті иесіне қайтарып беріп, өз кінәсін толықтай мойындады. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағына (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Қызылордада қоңырау шалуды өтініп, оқиға орнынан қашып кеткен азамат ЖБО бейнекамералары арқылы ұсталды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының «102» арнасына 56 жастағы қала тұрғыны хабарлама берген. Белгілі болғандай, 15 шілде күні сағат таңғы 05:00 шамасында қала аумағындағы саябақтардың бірінде жанына бейтаныс азамат қоңырау шалу үшін «Самсунг J2» ұялы телефонын сұрап алып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы патрульдік полиция бекеттеріне бағыт – бағдар беріліп, «ізін суытпай» 35 жастағы облыс тұрғыны ұсталды. Ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1 - бөлігімен (тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: