Kyzylorda-news.kz Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев облыс орталығындағы «Радуга» сауда желісі мен бірқатар әлеуметтік дүкендерді аралап, делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның көшпелі отырысын өткізді.
Комиссияның көшпелі отырысында сауда сөрелеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сапасы, бағасы және толық қамтамасыз етілуі талданып, сауда субъектілеріне сауда қызметін жүргізу заңнамаларының талаптары түсіндірілді.
Жалпы бүгінгі күні «Радуга» сауда үйі әріптестік негізде өңірлік тұрақтандыру қорымен тығыз жұмыс жасауда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қол жетімді бағада сатылуы үйлестірілген.
Алдағы уақытта әлеуметтік тауарлардың қатарын одан әрі ұлғайту жөнінде келіссөздер жүргізілді.
Делдалдық комиссияның кезекті көшпелі отырыстары басқа да сауда нысандарында жалғастырылатын болады.
Айта кетейік, өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұ-рақты түрде мониторинг жүргізіліп, бөлшек саудадағы бағаның өсуіне жол бермеу жөнін¬де түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Бүгінде Қызылордада азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда.
