Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы ақпараттық түсіндіру тобының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қызылорда ашық университетінде кездесу өтті.

“Бірлігіміз – әралуандықта” тақырыбындағы кездесуде “Мүсірәлі ата” мешітінің имамы Қайырбек Отызбаев, ҚХА жанындағы ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, “Қоғамдық келісім” КММ бөлім басшысы Ерсұлтан Есов сөз сөйлеп, еліміздегі бірлік пен ұлттық құндылық, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы туралы, оның қалыптасу тарихына тоқталды.

Сондай-ақ, бес түрлі кеселден сақтану, ысырапшылдықтың алдын алу және рухани байлықты дәріптеу тақырыптарында терең әрі тағылымды әңгімелер өрбіді.

Ашық университеті.jpg

Тағы да оқыңыз: