Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті облыстық полиция департаментінде «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг органдарының есірткі заттарын интернет және телеграмм каналдар арқылы тарату фактілерін анықтау бағытындағы жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында тұсаукесер өткізді.

Екі жақты кездесуде департамент басшылары Бақыт Қайшыбеков және Мұқтар Қожабаев бастаған басқарма басшылары мен есіркіге қарсы күрес құрылымдарының қызметкерлері қатысты.

Таныстыру баяндамасын жасаған талдау тобының жетекшісі Нұрбол Әлкебайұлы есірткі контрабандасының есірткі зертханаларына қайта бағдарлануына байланысты онлайн сауда алаңдарын және қылмыстық жолмен табылған табыстың кірістелу схемаларын анықтау мақсатында қаржы барлау қызметінің жаңа мүмкіндіктеріне шолу жасады.

Аталған кездесу Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеулер департаменті және Қызылорда облыстықполиция департаментінің арасындағы көлеңкелі экономикамен күрес, экстремизмді қаржыландыруға  қарсы күрес, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы тұру мәселелері бойынша екі жақты ынтымақтастық меморандумы аясында және бірлескен жұмысқа барлық мүмкіндіктерді пайдалану мақсатында жасалды.

314319628_112341318354718_2413494694173939818_n.jpg

Тағы да оқыңыз: