Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының адвокаттар алқасының адвокаттар үйінде 5 желтоқсан күні адвокаттармен «Ашық есік» күні өтті.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар кеңес алды. Олардың қатарында алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар бар. Сонымен қатар мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандар мен асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға көмек көрсетілді.
Адвокаттар жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға қол ұшын созды.
Ашық есік күніне кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасылар да келіп, кеңес алды.
Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз отбасыларға осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
Тұрғындар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға адвокаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық жауап берді.

