Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының ҚАЖ қызметкерлерінің  өз қызметтік міндеттерін адал атқаруға психологиялық әзірлігі болмаса, жұмыс барысында толымды нәтижелер күту қиын. 

Қаладағы №68 мемлекеттік мекемесінің кадр саясат тобы жеке құрамның  моральдық-психологиялық жағынан мықты болуын қамтамасыз ету  мақсатында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырады. 

Жуырда жұмысқа  қабылданған жас мамандарды  қызметтік  жаңа жағдайларға кәсіби тұрғыдан және әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне көмек көрсету үшін Жастар ресурстық орталығының психолог маманы  Гүлжайна Ғабитқызы арнайы шақыртылды. 

Шара барысында алдымен «Сәлемдесу» тренингі өтті. 

Мақсаты - жеке басын  таныстырып, бойындағы жағымды қасиетін айтуға үйрету. Бұл ойында олар өз-өздеріне деген сенімділігін арттырып, тұлғалық қасиеттерін дамытты. Одан кейін «Құбыр» «Жемістер» жинау ойындарын ойнап шықты.Қызметкерлер барлық ойындарға белсене қатысып, эмоционалдық тұрғыдан сергіп қалды.

«Мұнан бөлек, қызметкерлердің қызмет атқару барысындағы психикалық күйін мойындау немесе жоққа шығаруға мүмкіндік беретін және жүйке жүйесінің тұрақтылығын, шыдамдылығын анықтап, оларды жеке-жеке қабылдап, кеңес беру жұмыстарын жүргізді», – деді кадр саясат тобының аға инспекторы, әділет капитаны М.Тұрымбетов.

Тағы да оқыңыз: