Kyzylorda-news.kz Әкімдерді тікелей сайлау тетігі енгізілген сәттен бастап Сыр елінде тұрғындар кент және ауылдық округ әкімдерінің сайлауына белсенді қатысуда. 

Жыл басынан бері аймақта 3 кент, 6 ауылдық округ әкімі сайланды. Өткен жексенбіде яғни 17 мамырда Қызылорда қаласындағы Қызылөзек және Шиелі ауданындағы Иіркөл ауылдық округтерінде әкімдер сайлауы өткізілді. 

Маңызды науқанда Қызылөзекте 1815 сайлаушы, Иіркөлде 2662 сайлаушы тізімге енген. 5 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс жасады. Сайлаушылар үшін шақыру қағаздары таратылды. 

Қызылөзек ауылының әкімі.jpeg

Дауыс беру қорытындысымен сайлаушылардың 964 дауысын алған Сәкен Әбдіжаппар Қызылөзек ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Ол 1963  жылы дүниеге келген. Сайлауды өзін-өзі ұсынған.

Иіркөл ауылының әкімі.jpeg

Ал, дауыс берушілердің 1564 дауысын алған Қанағат Ниязов Иіркөл ауылдық округінің әкімі ретінде сайланды. Ол 1977 жылы дүниеге келген. Сайлауды өзін-өзі ұсынған. 

Айта кетейік, 21 маусымда Арал ауданы бойынша Арал қаласы, Жалағаш ауданында Ақсу және Жаңаталап ауылдық округтері, Шиелі ауданында Шиелі кенті және Жиделіарық ауылдық округтерінің әкімдері сайланады. Қазіргі таңда кандидаттардан ұсыну құжаттары қабылдануда.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: