Kyzylorda-news.kz Департаментте қызметтік тәртіпті сақтау, әдеп нормаларын ұстану және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған жиналыс өткізді.
Жиында Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Искаков Алмас Ильясұлы қызметтік әдеп талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарын ұстануы, қызметтік тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасы мен жауапкершілігін арттыру, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
