Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласы әуежайындағы Көліктегі полиция бөлімшесінің қызмет көрсету аумағында 2025 жылдың 10–14 қараша аралығында “Қызметтік қару” атты жедел-профилактикалық іс-шара өтуде, деп хабарлайды Қызылорда қаласы әуежайындағы Көліктегі полиция бөлімшесі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметтік қару айналымы саласында жұмыс істейтін заңды тұлғалардың тарапынан:
- қаруды сақтау, пайдалану және алып жүру қағидаларын сақтауын қамтамасыз ету;
- құқық бұзушылықтардың алдын алу;
- әкімшілік және қылмыстық заңнамаларға сәйкес жауапкершілікті күшейту болып табылады.
Полиция қызметкерлері азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Егер Сіз қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар немесе жарылыс құрылғыларын байқасаңыз:
- оларды қолға алмаңыз,
- тасымалдауға тырыспаңыз,
- және дереу полицияға хабарлаңыз.
Бұл – жазатайым оқиғаларды болдырмау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды шара.
