Kyzylorda-news.kz. Ішкі істер органдары құрылымында анықтау қызметінің алатын өзінің маңызды орны бар. Қылмыстық істерді уақытылы әрі толық тергеп-тексеріп, кінәлі тұлғаларды әшкерелеп, келтірілген шығынды өндіру үшін шаралар қабылдайтын бұл қызмет иелері заңдылық пен құқықтық тәртіптің нығаюына зор үлестерін қосуда.
Еңбекті абыроймен атқарып, елдің алғысына ие болып жүрген жандардың көптігі ел халқын қуанышқа бөлейді. Қызмет бабында абырой биігінен көрініп жүрген сондай қызметкердің бірі Қызылорда қалалық полиция басқармасының анықтау бөлімінің анықтаушысы полиция капитаны Жандуллаев Батырхан Сакенұлы.
Батырхан Сакенұлы 1994 жылы 11 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2016 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алған. Қызметтік жолын 2018 жылы Қызылорда қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторын қызметінен бастаған. ҚР Президентінің халыққа Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде «жұртқа жақын полиция» қағидатын негізге ала отырып, аймағының тыныштығын қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтың алдын алып, халықпен тығыз қарым – қатынаста болып, ал қазіргі таңда ҚР заңдарына сүйене отырып, қылмысты жасаған адамдарды анықтайды. Батырхан Сакенұлы өзінің қызметіне адал, әрбір тіркелген қылмыстығ заң шеңберінде құқықтық баға беріп, халықтың алғысына бөленіп жүрген анықтаушы. Өз кезегінде 2023 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша жоғары жетістіктерге қол жеткізгені үшін Қызылорда облысы Полиция департаментінің «Грамотасымен» марапатталған.
Атқарған қызметінің арқасынада «Қазақстан полиция құрылғанына – 30 жылдық» төсбелгі, Ішкі істер органдарының «Үздігі» төсбелгісі , департамент, басқарма бастықтарының «Алғыс» хатымен бірнеше мәрте мараптталған.
Батырхан қызметте білікті маман, отбасында сүйікті жар, балаларына аяулы әке. Жары Гүлнұр, жолдасына қолдау білдіріп, қиын салада оған демеу болуда. Олар ұл – қыз өсіріп отырған аяула ата-ана.
«23 маусым – Қазақстан полициясы күні қарсаңында өз әріптестерімді айтулы мерекемен құттықтаймын. Баршаңызға абыройлы қызмет және зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел тыныштығын тілеймін» - деп атап өтті полиция капитаны Батырхан Жандуллаев.