Фото: atr.kz

Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы З.Арыновамен сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға сәйкес, «Қызмет беруші мектебі» жобасы аясында семинар өтті. Оған  облыстық білім басқармасының және басқармаға қарасты мекемелердің, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

Жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын ережелерді түсіндіріп қана қоймай, олардың ақпараттық жүйелерде практикалық қолданылуын терең жеткізу. Сонымен қатар, бұл жоба қызмет көрсету тәртібінің ерекшеліктері мен кемшіліктерін егжей-тегжейлі зерделеуге мүмкіндік береді.

З.Арынова семинарда білім саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін реттейтін қағида талаптарына, қызмет көрсету тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай тәжірибесін белгілеу бойынша түсіндірме жүргізіп, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. 

Жоба шеңберінде проблемалық маселелер талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар тарапынан білім саласына қатысты тиісті ұсыныстар қалыптастырылып, департаментке жолданатын болады.

Жалпы, аталған жоба қызмет көрсетумен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу үшін бірегей платформа болып табылады. Интерактивті форматтың, тәжірибелі оқытушылардың және жобаның практикалық бағыттылығының арқасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және халықтың қанағаттану деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Тағы да оқыңыз: