Kyzylorda-news.kz Департаментпен Қазалы ауданы тұрғындарының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.

Президентіміздің «Халық үніне құлақ асу» концепциясына сай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті әрбір азаматтың заң шеңберінде құқықтарының қорғалуына және мемлекеттік қызметті кедергісіз алуына жағдай жасайды.

Департаментпен ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына үнемі қашықтықтан бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін және тәртібін бұзу, толық құжатсыз қызмет көрсету, дәлелсіз бас тарту секілді фактілер анықталған жағдайда Департамент тарапынан шұғыл ден қою шаралары қабылданады.

Мәселен, биылғы жылдың 3 қазанында Қазалы ауданының тұрғыны Ә.А.-ның «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2024 жылдың 15 қыркүйегінде берілген өтінімі Қазалы ауданының Сарыкөл ауылдық округінің әкімдігімен қызмет нәтижесі белгіленген мерзімде ұсынылмағаны анықталды.

Сондай-ақ, Аранды ауылдық округі әкімдігімен аудан тұрғыны К.К.-ның 2024 жылдың 17 қыркүйегінде жер учаскесіне құқықтарды алу өтінімі уақытылы тіркелмей, қызмет нәтижесі де уақытылы ұсынылмағаны белгілі болды.

Осы орайда, Департаментпен шұғыл түрде бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бағытында шаралар қабылданып, нәтижесінде биылғы жылдың 3 қазанында Сарыкөл ауылдық округі әкімдігімен жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертілді және Аранды ауылдық округі әкімдігімен осы жылдың 4 қазанында жер учаскесін табыстау бойынша тиісті шешім қабылданды.

Департаментпен бұзушылықтарға жол бергені үшін лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұлдар салынып, әкімдік қызметкерлеріне тиісті тәртіптік шаралар қолданылды.

Қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары Департаменттің негізгі басым бағыттарының бірі болып қала бермек.

Егер Сіздің мемлекеттік қызмет алуда құқықтарыңыз бұзылған болса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне шағымдануыңызға болады.

Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс1. Байланыс нөмірлері: 8 (7242) 70-56-36, 70-00-40.

М.Бибітова,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Қызылорда облысы бойынша

департаменті басшысының орынбасары

Фото: den-der.kz

Тағы да оқыңыз: