Kyzylorda-news.kz Журналист Гүлмира Әбіқай Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды әлдекімнің қасақана дәретханаға түсіргенін айтты.
Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлады Caravan.kz медиа порталы.
«Дәретханаға түсіп өлді ме, әлде біреу түсірді ме?
Дәл қазір осы сауал Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сіргелі ауылына үрей туғызуда.
Естеріңізде болса, 16/05/24 осы ауылдың Мамаев көшесінде тұратын 3 жасар қыз жоғалып еді. Бүкіл ел болып іздеп, алаңдап, тілеуін тіледік. Өкінішке қарай, 3-ші тәулікте кішкентай Асылымның денесі көршінің дәретханасынан табылды. Бұл қалай деп талайымыз бас қатырдық, сенбедік, дегенмен, тергеу: жазатайым оқиға деп кінәлі жан табылмады.
Енді қараңыз, сол ауылда сол көшеде, марқұммен көрші тұратын 5 жасар қыз да 2 күн бұрын дәл осындай оқиғаны бастан кешеді. Айтуына қарағанда оны бір адам “Жүр, кішкентай көжектер көрсетемін” деп шақырған. Ары қарай қорқынышты енді.
Түн болыпты ғой, өзім қорқып кеттім…», — дейді ол.
Фото - Caravan.kz