Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданына қарасты Жастар ресурстық орталығында  "ЕркеZHAN" қыздар клубының ұйымдастыруымен "Қыз  тәрбиесі – ұлт байлығы " тақырыбында жоғары сынып қыздарымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді клуб жетекшісі Жансая Байтәжиева жүргізді.

Қыз тәрбиелегенің – ұлтты тәрбиелегенің. Рас, бүгінгі бойжеткен – ертеңгі ана. Ұрпақ жалғастығын бәрінен жоғары қою әлемнің өзге елдерінде сақтала бермейтін дәстүр. Жасыратыны жоқ, қазірде қызды тәрбиелеуде ұлттық тәрбие негізінен алшақтап барамыз.

Дөңгелек үстелде  қыз бала тәрбиесі, клубтың негізгі мақсаты жайлы айтып өтті. Қыз тәрбиесі жайлы баяндамалар оқылып, қыздар өз ойларымен бөлісті. Пікір алмасу өте тартымды, қызықты өтті. Қыздарымыздың ақылды, үлгілі, мейірімді, инабатты болуы алдымен ата-анасынан, екіншіден білім ордасынан басталады. Қыз балалар осындай қасиеттерді меңгеруге талпынуы керек. Арамызда ару да әсем,сұлу да көрікті,әдемі де ажарлы қыздар көп болсын. Сондықтан да қыздарды аялай білейік.

Ертеңгі ұрпақты тәрбиелейтін – қыз. «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» деп көңілі мен жүрегі таза, әдемілікке, нәзіктікке құмар, өзінің емес, өзгенің өресін көтермелейтін қыз бала келешекте іргелі үйдің шаңырағын жоғары көтереді емес пе?! Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, болашақ ұрпақтың анасы екенін ұмытпайық.

Тағы да оқыңыз: