Kyzylorda-news.kz Облыс әкімі орынбасары Бахыт Жаханов бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында маңызды келісімдер жасалды.

Хайнань провинциясының өнеркәсіптік қалалық Инвестициялар паркі мен ҚР Қызылорда облысының делегациясы арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында Қытай тарапынан Инвестициялар паркінің басқарма төрағасы Ли Чжихао қатысушыларды таныстырып, екіжақты ынтымақтастыққа қатысты көзқарасын білдірді.

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту, бірлескен жобаларды іске асыру бойынша Қызылорда облысы әкімдігі, Хайнань провинциясының өнеркәсіптік қалалық Инвестициялар паркі және Хейлунцзян Хэхуэйдэ сауда компаниясы арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, жиын барысында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық, агротехнологияларды дамыту, ресурстарды интеграциялау және өндірістік парктерді бірлесіп салу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Үш жақты келісім 2.jpg

Тағы да оқыңыз: