Kyzylorda-news.kz Қытай ет қауымдастығының сиыр етін импорттау мен экспорттаушылар клубының президенті Ма Гуаншэн Қазақстаннан жылына 20 мың тоннаға жуық шошқа етін сатып алуды жопарланып отырғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Қазақстан – мүмкіндіктерге толы ел. Бүгін Қытай ет қауымдастығынан тұратын компаниялардың бірі сіздердің кәсіпорыннан шошқа етін сатып алуды жоспарлап отырғанын айтты. Біз жылына 20 мың тонна алмақпыз. Бірақ қой еті мен сиыр етіне де қызығушылық танытамыз», — деді Ма Гуаншэн.

Ол Қауымдастық өз кезегінде қазақстандықтарға мал шаруашылығын дамытып, ірі және ұсақ мал етін Қытайға экспорттауға көмектесу үшін тәжірибесін бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Сурет: Freepik.com

Тағы да оқыңыз: