maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz Өткен аптада Қызылорда облысының аумағында «Қыс–2026» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығу Қызылорда қаласы мен барлық аудандарды қамтыды. Негізгі практикалық іс-шаралар Қазалы ауданында ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығудың мақсаты – қыс мезгілінде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын тексеру, олардың өзара іс-қимылын және жедел әрекет ету тәртібін пысықтау.

Іс-шара барысында шартты төтенше жағдайлар бойынша құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, жауапты қызметтердің бірлескен іс-қимылы тәжірибе жүзінде тексерілді.

Облыстың барлық қала және аудандарында құлақтандыру сиреналары іске қосылды. Ал Қазалы ауданында қосымша Mass Alert жүйесі арқылы халықты хабардар ету шаралары жүргізілді.

Оқу-жаттығуға азаматтық қорғау қызметтері, жергілікті атқарушы органдар және тиісті мекемелер қатысты.

«Қыс–2026» оқу-жаттығуы қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындықты пысықтауға және жауапты қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіруге бағытталды.

Тағы да оқыңыз: