Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қармақшы ауданында Қызылорда облысы әкімінің 2022 жылғы 16 қарашадағы №01-5/6011-И ұйымдастыру нұсқаулығына сәйкес, «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға басқару органдарын, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын ден қоюға дайындау» мақсатында аудан аумағында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың тақырыбы: «Қысқы кезеңдегі жағдайларда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау».

Оқу-жаттығу барысында аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің саптық қарауы өткізіліп, күш-құрылымдардың дайындығы пысықталды. Саптық қарау өткізілгеннен кейін оқу-жаттығудың практикалық бөлігі жүргізілді. Практикалық жаттығуды жүргізу барысында авариялық-құтқару қызметтері және азаматтық қорғау құралымдарының қысқы кезең жағдайларында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындауға әзірлігі тексерілді.

Осылайша, аудандағы қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдай кезінде адам шығынын болдырмау және төтенше жағдайда ережеге сәйкес дер кезінде іс-қимыл атқаруды дұрыс ұйымдастыру мақсатында өткен оқу-жаттығу жұмыстары сала мамандарын бір пысықтаудан өткізіп алды.

Қорытындылай келгенде, аудан құтқарушылары қыстың қаһарына толық дайын екендіктерін дәлелдеді. Сала басшылары құтқарушылардың биылғы қысқы маусымға дайындығы тыңғылықты деген баға берді.
 

316212114_1341610086583596_403271708566283205_n.jpg

316539689_1341610316583573_5133922445384282486_n.jpg

Тағы да оқыңыз: