Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында тұрғындар мен мекемелердің қауіпсіздігін сақтау, төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің дайындықтарын тексеру мақсатында «Қыс – 2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.

«Қыс – 2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жұмыстары бойынша ТЖ орын алған көп қабатты тұрғын үйдегі тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру ұйымдастырылды. Сондай-ақ, оқу-жаттығу жұмыстарына барлық қажетті техникалар мен тиісті сала мамандары, медициналық жедел жәрдем қызметі толық құрамда қатысты.

Сонымен қатар, оқу-жаттығу жұмыстары барысында қар құрсауында қалған жолаушылар автокөлігіндегі жолаушылар «Қазақавтожол» ЖШС-нің Жаңақорған ауданындағы 50-ші жол пайдалану бөлімшесіне жылы жерге эвакуацияланып, арнайы бокстарда автокөлікке техникалық көмектер көрсетілді. Іс-шарада әрбір қызметтік топ жетекшісі мен топ мүшелерінен қызметтік міндеттері сұралып, техникалық базалары тексерілді. Құрал-саймандары түгенделді. Оқу-жаттығу барысында апат болған жағдайда бірінші кезекте қажеттілігі туындайтын байланыс саласымен, азық-түлікпен қамтамасыз ететін және барлау-құтқару қызметтерін жүргізетін басты салалардың жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Осылайша, аудандағы төтенше жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдай кезінде адам шығынын болдырмау және төтенше жағдайда ережеге сәйкес дер кезінде іс-қимыл атқаруды дұрыс ұйымдастыру мақсатында өткен оқу-жаттығу жұмыстары сала мамандарын бір пысықтаудан өткізіп алды.

Қорыта айтқанда, құтқарушылар қыстың қаһарына толық дайын екендіктерін дәлелдеді. Сала басшыларының айтуынша, биылғы қысқы маусымға дайындық тыңғылықты.
 

315710941_3305738483007825_8722125822533864730_n.jpg

315436313_3305738576341149_5144027122170304581_n.jpg

Тағы да оқыңыз: