Kyzylorda-news.kz Ош облысының Ноокат ауданында сел салдарынан қаза тапқандар саны сегіз адамға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі 29 маусым күні кешке сел алып кеткен тағы бір әйелдің денесі табылғанын хабарлады. Марқұмның жеке басы анықталып жатыр.

Осылайша, 28 маусымда Ноокат ауданында болған табиғи апаттан зардап шеккендердің саны сегіз адамға жетті. Олардың көпшілігі жасөспірімдер. Олардың екеуі 11, қалғандары 8, 12, 16 және 19 жаста. Қаза тапқандар арасында екі әйел бар.

Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқандардың көпшілігі туыстар.

"Қазіргі уақытта ақпарат нақтыланып жатыр", – деп хабарлады Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі.

Фото: ҚР ТЖМ

Тағы да оқыңыз: