Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 25 қазан – Республика күніне арналған «Қыран елім, Тұран төрім – Қазақстаным!» атты салтанатты мерекелік жиын өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталып, Басқарма Төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамовтың құттықтау сөзімен жалғасты. Университет басшысы Республика күнінің ел тарихындағы маңызына тоқталып, жиынға қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтады.

FB_IMG_1792729922184.jpg

Салтанатты жиында оқу орнының дамуына, білім мен ғылымның өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген бірқатар профессор-оқытушылар мен қызметкерлер марапат төрінен көрінді.

Республика күні – Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу тарихындағы айрықша күн. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына құқықтық негіз қаланды. Осы тарихи құжаттың негізінде 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылы Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Биыл еліміздің егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 36 жыл толды.

Мерекелік кеш университет өнерпаздарының патриоттық концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

FB_IMG_1792729928623.jpg

Тағы да оқыңыз: