Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бектілген кестеге сәйкес партияның депутаттық фракциясы мүшесі Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар мектеп бітіруші түлектерге бөлінетін облыс әкімінің гранттары, оқушыларға арналған көлік тасымалы, жұмыссыздық және шет ел көліктерінің оның ішінде Ресей мемлекетінің көліктерінің қозғалыстары туралы мәселелерін қозғалды.
Қызылорда облыстық маслихатының депутаты Қылышбай Алдабергенұлы әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, тиісті құқықтық кеңестер беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

