Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде мүгедектігі бар балаларға қуыршақ театрына саяхат жасалды.

  Мақсат – Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек оларды түрлі шараларға қатыстырып, қоғамдық ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттыру, мәдени, қоғамдық іс-шараларға қатыстыру. Мүгедектігі бар 30 балаға қуыршақ театрын көрсету мақсатында «Қуыршақ театрына саяхат» ұйымдастырылды.

Бұл шара Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ұйымдастырумен өтті.  Балалар  «Ер Төстік» атты қойылымды тамашалады.

   Халық ертегісінің негізінде сахналанған қойылым жас ұрпақты адал достыққа, отансүйгіштікке, қайырымдылық пен адамгершілікке тәрбиелейді және қойылымды көру балалардың эмоциялық әлеміне үлкен әсер етті.

Шараға  30 мүгедектігі бар  балалар және ата-аналары қатысты және балаларға арнайы бағалы сыйлықтар мен тәттілер таратылды.

«Қуыршақ театрына саяхат» ұйымдастырылды.jpg«Қуыршақ театрына саяхат» ұйымдастырылды 1.jpg

Тағы да оқыңыз: