Kyzylorda-news.kz Аптап ыстықтан қашып немесе демалу үшін суға түсетін азаматтар саны артқан сайын, құтқарушылар да тынымсыз жұмысқа кіріседі. 

Облыс аумағында 64 участке суға түсуге рұқсат етілмейтін аймақ болып белгіленсе, аталған қауіпті аймақтардың 3-еуі Тасбөгет кентінде орналастырылған. Алайда, оған қарамастан, өткен суға шомылу маусымдарында «жабайы» жағажайлардың кіре берісіне арнайы ілінген тақтайшаларды елемей, тұрғындар тарапынан бейберекет суға түсу, қауіпсіздік шараларын сақтамау фактілері көптеп орын алды деуге болады.

«Бүгінде жылдағы дәстүрге сай Қызылорда облысы ТЖД “Жедел-құтқару жасағы” РММ құтқарушылары қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп, Тасбөгет елді мекенінде орналасқан Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінен, №176 орта мектебінен, №257 орта мектебінен, Н.Ергешбаев атындағы №172 орта мектептен 231 оқушы мен 43 мұғалімге су айдындарындағы қауіпсіздік тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Себебі, су – тіршілік көзі болғанымен, сондай-ақ қауіпті екенін де естен шығармауымыз қажет», Қызылорда облысы ТЖД “Жедел-құтқару жасағы” мекемесінің хабарламасында.

WhatsApp Image 2024-05-03 at 11.05.05(2).jpeg

WhatsApp Image 2024-05-03 at 11.05.05(1) (1).jpeg

Тағы да оқыңыз: