Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев Шиелі кентінде орналасқан 200 орындық оқушылар үйі және 50 орындық өнер мектебінің құрылысымен танысты.

Бұл «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына енген негізгі жобалардың бірі.

Тапсырыс беруші: «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ. Жоба құны: 1 млрд 200 млн теңге. Аталған нысанның бас мердігері: «СМП-Қызылорда» ЖШС.

Техникалық қадағалаушы: «Достар Строй Групп» ЖШС;
Жоба авторы: «Градархпроект» ЖШС;
Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың наурыз айында басталып 2025 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Өз сөзінде Мұрат Нәлқожаұлы, 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі жергілікті халықтың білімі, өнері мен салауатты өмір салтын қалыптастыруына үлкен серпін беретінін атап өтіп, жобаны уақытылы аяқталуы керектігін айтты.

Айта кету керек,  құрылыс алаңында 85 адам жұмыс жасайды, 70%-ы жергілікті Шиелі кенті, Шеген Қодаманов, Бала би және Бәйгеқұм ауылдарының азаматтары еңбек етуде. Осы кезеңге дейінгі құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.  

Тағы да оқыңыз: