Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылдық дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстарын көріп, құрылыс сапасына мән берді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен өңірде медициналық нысандар жаңартылуда. Оның ішінде, биыл Шаған ауылындағы дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өткізілуде. Бұл жұмыстар сапалы болуы қажет және мерзімінде аяқталуы тиіс. Жауапты мекемелер барынша сапалы жоспарға сай жұмыс жүргізуі керек. Барлық жұмысты жүйелі қадағалануы қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Медициналық нысан құрылысымен танысу барысында аудан басшысы мердігер компания өкіліне кемшіліктер орын алмау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, құрылыс сапасын бақылауда ұстауды салалық орынбасары мен тиісті мамандарға тапсырды. Құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру – тұрғындар үшін де маңызды.

Айта кетейік, медициналық ғимаратты күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 328 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда амбулаторияда ішкі әрлеу және сыртын қаптау жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта жоспарға сәйкес тиісті жөндеу жұмыстары жүйелі жүргізіледі.

Сырдария ауданы құрылыс жұмыстары.jpg

Тағы да оқыңыз: