Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, қала әкімі Нұржан Ахатов, жауапты сала басшылары құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысын бақылады.

Алдымен сол жағалаудағы 9 қабатты 120 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысын көрді.

Жалпы ауданы 7011 шаршы метр болатын үйлерде бір бөлмелі 18, екі бөлмелі 66, үш бөлмелі 36 пәтер бар.
Келесі нысан - дене шынықтыру-сауықтыру кешені.

Құрылысына 2,9 млрд теңге қаралған нысан «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен салынуда. Онда бір мезетте 131 спортшы жаттыға алады. Бірінші қабатта волейбол, екінші қабатта күрес және басқа да залдар орналасады.

Әрі қарай Титов мөлтек ауданындағы әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін бой көтерген 5 қабатты 135 пәтерлік тұрғын үйдің құрылыс алаңына барды. Жаңа тұрғын үйде 35 бір бөлмелі,  80 екі бөлмелі, 20 үш бөлмелі пәтер бар.

FB_IMG_1765045683134.jpg

Тағы да оқыңыз: