Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының  төрағасы Жандос Базартай, партияның облыстық  филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, облыстық және қалалық мәслихаттардағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракция мүшелерімен бірге партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Қызылорда қаласының сол жағалауында салынып жатқан 300 төсек орындық көп бейінді аурухананың құрылысына мониторинг жүргізді. 

Бұл – өңірдегі ең ауқымды денсаулық сақтау жобаларының бірі. Ауруханада онкологиялық бөлімше мен 100 келушіге арналған емхана қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың мамыр айында басталған. Қазір нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы құрылыстың 40 пайызы толық аяқталған. Сыртқы жұмыстар аяқталған блоктарға жылу желілерін жүргізіп, ішкі жұмыстарын жүргізу қолға алынып жатыр. Бас мердігер – «Мелиоратор» ЖШС-і өкілі 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз,- дейді.  

Мониторинг барысында партиялықтар құрылыс сапасымен қатар,  жұмысшылар жағдайы, бөлінген қаржының мақсатты игерілуі, құрылыс мерзіміне ерекше мән берді.   

Жандос Базартай мердігерлерге құрылыс сапасы мен мерзімінде аяқталуы аймақ басшысының да, «AMANAT» партиясының да тікелей бақылауында екенін айтып, нысанның сапалы болуына тапсырыс беруші, мердігер, техникалық бақылаушы, жобалаушы, мемлекеттік сараптамашы да барлығы жоғары жауапкершілікпен қарау керектігін жеткізді.

Атап өтейік, зерделеу жұмыстарына облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы,  облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшыларының орынбасарлары мен аталған нысанға жауапты техникалық сарапшылар тобы қатысты.

Құрылыс Аманат 2.jpg

Тағы да оқыңыз: